Sport

Қарттар ой жарыстырды

Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесі «Ладья» шахмат клубымен бірлесіп Қарттар күніне арналған турнир өткізді.

Шахмат тақтасындағы сайысқа 22 зейнеткер қатысты. Ойыншылар жасының ұлғайғанына қарамастан, жастық жігермен тартысты ойнады. Нәтижесінде Қайырбек Се­йітқұл алтын, Алексей Ким күміс, Марат Әлмағамбетов қола медальді иеленді.
Сонымен қатар, әйелдер арасындағы ойында үздік нәтиже көрсеткені үшін Кенжетай Жанұзақова және турнирдің ең қарт ойыншысы, 82 жастағы тыл еңбеккері Сабыр Әбдіғалиев марапатталды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар, естелік сыйлықтар, сертификаттар және «Астананың 20 жылдық шежіресі» мерейтойлық кітабы табыс етілді. Салтанатты рәсімнен кейін мерекелік дастарқан жайылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button