Қала мен СалаҚала тіршілігі

Қарттарға қамқорлық

1 қазан – Халықаралық қарттар күні! Бұл – аға буынның қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және Ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн. Қарттарымызға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне сіңген қасиет.

Байқоңыр ауданы әкімшілігі мерейлі мерекені бейбіт өмірді бізге сый еткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтаудан бастады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін аудан әкімі – Нұрбол Нұрсағатов өзі құттықтап, ардақтыларымыздың батасын алды. Сонымен қатар, арнайы бағалы сыйлықтарын да табыс етіп, парасат өнегесі болып отырған ардагерлерімізге зор денсаулық тіледі.
«Құрметті асыл қазынамыз болған ардақты ардагер ағалар мен ақжаулықты аналар, сіздерді келіп жеткен Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, даралық парасаттың өнегесі болып, өскелең жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосып келесіздер. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, бейбіт те берекелі өмір тілеймін! Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» деді аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатов ардагерлерге арнаған құттықтауында.
 
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button