Қала мен СалаҚала тіршілігі

Қысқа дайындық қалай?

Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен мердігер ұйымдардың алдағы қысқа дайындық барысын тексерді.

[smartslider3 slider=186]

Қысқы кезеңде Сарыарқа ауданы бойынша санитарлық тазалауға 19 мердігерлік ұйым жұмылдырылады. Техниканың жалпы саны – 456 бірлік. Тазалау жұмыстарына 551 жол жұмысшысы шығады.
Санитарлық тазалау ауданның барлық көшелерін қамтиды (жалпы ұзындығы 277 шақырым). Механикаландырылған тазалау жұмыстарын 3 мердігерлік ұйым 10 бағыт бойынша 346 техника, 295 жол жұмысшысы жүзеге асырады. Қол жұмысын 4 мердігерлік ұйым атқарып, 43 бірлік техника, 86 жол жұмысшысы жүзеге асырады.
Аудан бойынша тұрғын үйлері аумақтарын орамішілік тазалауды күзгі-қысқы кезеңде 11 ұйым (18 лот бойынша), 57 бірлік техника және 134 жол жұмысшысы жүзеге асырады.
Сондай-ақ қоғамдық кеңіс­тіктерді (саябақтар, скверлер) санитарлық тазалауды «Астана Көгалдандыру құрылысы» ЖШС жүзеге асырады. Онда 10 бірлік техника, 36 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
«Аумақтың тазалығы үшін қажетті жұмыстарды уақтылы орындап, керекті жағдайларды жасау – өте маңызды. Мердігер ұйымдардың тиісті деңгейде жұмыс істеуі – бақылауымызда» дейді Есет Байкен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button