#Жаңа Қазақстан

Қосшыдағы кездесу

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Ақмола облысы Қосшы қаласында инклюзивті қоғам өкілдерімен кездесу өткізді.

Шараға «Ауыл» партиясынан кандидаттар Таңсәуле Серіков, Анас Баққожаев, Қайрат Айтуғанов, Ілияс Досхожаев, Николай Арсютин, Светлана Прокопьева, Қуаныш Сейітжанов және Айдар Саттаров қатысты. Кездесу инклюзивті бағытта өтіп, ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың құқықтық, әлеуметтік жағдайы талқыланды. Жиналғандар алдында сөз алған Мәжіліс депутаттығына түсуші ерекше қажеттілігі бар кандидат, PhD доктор Таңсәуле Серіков өз өмірінен мысалдар келтіре отырып, жиынға қатысушыларды «Ауыл» партиясына дауыс беруге шақырды.

– «Ауыл» партиясына не үшін келдім? Себебі партия мүшелерінің бойынан жасымас жігерді көрдім. Оның ұстанымы халықтың, әсіресе ауылдықтардың ой-арманымен, мақсат-мүддесімен үндеседі. Партия бағдарламасы жаттанды құрғақ уәдеден ада. Ол ауылдық жерде кемінде 20 жыл жұмыс істеген азаматтарға зейнетақыны, онда тұратын ерекше қажеттіліктері бар барлық азаматқа әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайту, аз қамтылғандар мен әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін азық-түлік төлем карточкаларын енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасауға ұмтылу арқылы «Ауыл» шоқтығын басқа партиялардан биік ұстайды. Сондықтан мен «Ауыл» партиясын таңдадым, сіздерді де соған шақырамын. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, біз біріксек талай ілкімді істі жүзеге асырамыз, тағдырлас бауырларымызға мүмкіндік пен үміт сыйлаймыз, – деді ҚР Ғылым және білім министрінің кеңесшісі Таңсәуле Серіков.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button