Сайлау-2022

Құндылықтарды дәріптеді

Биылғы Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Абай облысы жұртшылығымен кездесті. Еліміздің тарихи орталығына қадам басқан үміткер алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым етті.

Кейін қарапайым халытың жағдайымен жақынырақ танысу үшін Қарақат Әбден қоғамдық көлікпен қаланы аралады.

– Зейнеткерлермен әңгімелесіп, әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқарту, қарияларға арналған жеңілдіктерді көбейтуге қатысты олардың ұсыныстарын талқыладық, – деп атап өтті Қ.Әбден.

Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде өткен сайлауалды жиында Қ.Әбден ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы сұрақтарды талқылады. Оның айтуынша, сайлауалды бағдарламада білім беру саласын жетілдіруге көп көңіл бөлінген. Әсіресе жоғары білімнің тегін болуы, студенттерді жатақханамен, инновациялық құрал-жабдық­тармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті.

Қарақат Әбденнің сайлауалды сапары Алматы облысының Талғар қаласында жалғасын тапты. Қала тұрғындары мен өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытып жүрген кәсіпкерлер Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасымен танысты. Жиын барысында үміткер шағын және орта кәсіпкерліктің маңызын атап өтіп, ел экономикасының дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштас­тыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button