Сайлау-2022

Кедейлік мәселесіне назар аударды

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында болып, тұрғындармен кездесті.

Ақмолдағы басты мәселенің бірі – дамыған әлеуметтік инфра­құрылымның жоғы. Атап айтқанда, ауылда оқушы орны тапшылығы байқалады. Ақмолдағы бала саны ескі мектептегі орын санынан әлдеқайда көп. Сонымен қатар тұрғындар балабақша салуды сұрайды. Бұл ретте Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлінгенін айтты. Үміткердің пікірінше, білім беру саласы мемлекет тарапынан айрықша назарды талап етеді. Медицина және білім беру салаларына ЖІӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлуді ұсынды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілі мұндай шараның инфрақұрылым мен жабдықты кезең-кезеңмен жаңартып отыруға, дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік беретіндігін айтты. Мұның маңызы зор, себебі аталмыш мамандар адами капиталдың сапасына жауап береді, ал бұл, өз кезегінде, отандық экономиканы дамыту үшін негізгі талап.

Сондай-ақ Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Қоянды ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Кездесу барысында үміткер жиналғандарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Әуесбаевтың пікірінше, қатардағы қазақстандықтар жыл өткен сайын кедейлене түсуде. Азық-түлік бағасының ұдайы өсуі қалыпты жағдайға айналды. Қарапа­йым халықтың несиеге деген тәуелділігі күн санап күшейіп барады. Ұлттық банк болса халықты емес, банкирлерді байытып, базалық мөлшер­лемені жоғарылатуда. Үміткер Ұлттық банк саясатын қайта қарастыру қажеттігін мәлімдеді. Басты назарда олигархат қызығушылығы емес, халық жағдайы тұруы тиіс. Қоянды елордаға жақын орналасқа­нына қарамастан, жол жағдайы, ауыз су жоқтығы секілді әлі де шешілмеген бірқатар мәселе бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button