Сайлау-2022

Механизатордың мәртебесін көтеруді ұсынды

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесті.

Ол жұртшылықпен тілдесе отырып, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына да тоқталды. Ақтөбе облысы өнеркәсіпті өңір болғанмен, халқының жартысына жуығы ауыл шаруашылығымен айналысады. Бұл жолғы кездесуде АӨК ішіндегі салалар, атап айтқанда, мамандарды даярлау көбірек қарастырылды. Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы колледжінде өткен басқосуда үміткер қазіргі таңда еңбек нарығында дефицит болған мамандықтар туралы сөз қозғады. Ж.Дайрабаев жас кадрларды даярлаудың маңызы туралы айтты.

«Аграрлық державаның құрылуы өңірлерде жұмыс істеуге және агробизнестің жаңа түрлерін біріктіруге дайын жаңа, білімді жастарды қалыптастыруды талап етеді. Қазір колледждерде, менің пікірімше, еңбек адамы саналатын механизаторлар дайындалып жатыр. Егер менің бағдарламам жүзеге асырылған жағдайда, болашақта олар жоғары мәртебеге ие болатынына сенімдімін» деді ұстаздар алдында сөз сөйлеген Жигули Дайрабаев.

Одан кейін Қарғалы ауданына ат басын бұрып, ондағы аймақта жергілікті көкөністерді сақтау үшін салынған нысан – көкөніс қоймасының жұмысымен таныс­ты. Көкөніс қоймасы мәселесі кезінде өңірде өте өткір болды. Өнім өндірушілер жергілікті әкімдік басшысы – аудан әкімінің қолдауымен осы нысанды салуға қол жеткізді. Нысанның пайда болуы көптеген мәселені шешті. Қазір ол көкөністермен жұмыс істейтін шаруашылықтарға қыз­мет етеді. Бұл қаладағы бағаға да айтарлықтай әсер етті. Бүгінде көпшілік осындай көкөніс қоймалары желісін арттыруға мүдделі. «Тауар өндірушіде сақтау және сату мәселесі ешқашан болмауы үшін мұндай нысандар әр ауданда болуы керек» деді Жигули Дайрабаев. Кандидат бұдан кейін шаруашылықтарға барып, Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге жетпіске жуық адам қатысты. Жиынға жиналғандар алдында кандидат өз бағдарламасы туралы айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button