Сайлау-2022

Қостанай өңірін аралады

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкеннің өңірлердегі сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасы Қостанайда жалғасты. Мұнда үміткерді өңірлік сайлауалды штабтың өкілдері мен еріктілер қарсы алды.

Үміткер алдымен А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетіне барып, студенттермен және оқытушылармен кездесті. Кездесу барысында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелері көтерілді.

– Біз әрқашан жастарда жұмыс пен жақсы жалақы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде тез шешіле қоймайды. Себебі ол бүгінгі таңда жылдар бойы қордаланып қалған өзекті мәселенің біріне айналған. Барлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады. Биыл бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгеге көтеріледі. Біздің ойымызша, оның мөлшері 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері 717 мың теңгені құрап отыр, яғни бізден 10 есе айырмашылық бар, – деді үміткер.

Сонымен қатар М.Қажыкен жақсы өмір лайықты жалақыдан басталатынын атап өтті. Кездесу соңында үміткер Ахмет Байтұрсынов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бұдан кейін Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штаб­тармен Zoom-конференциясын өткізді. Үміткер үш облыста өткен сапар нәтижелері, рес­публиканың ірі кәсіпорындарының қызметкерлері, студенттер, жас кәсіпкерлер және кәсіподақ мүшелерімен өткен кездесулер жайлы айтты. Онлайн-кездесу барысында сайлау науқанының барысы мен кандидаттың жоспарланған сапарларына қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Одан соң М.Қажыкен кәсіподақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу тақырыптарын талқылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button