Жаңалықтар

Құрметті қазыналы қариялар! Ардақты аға буын өкілдері!

10bca6f4260bcc7c40f08b129b7d0541

Сіздерді 1 қазан – Халық­аралық қарттар күні ме­рекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз «Қарты бар үйдің – ғасырлық қазынасы бар» дейді. Жастарға үлкенді сыйлап, өмірдің өнегесін үйренуді насихат еткен. Қарттарымыз тамырын тереңге жай­ған бәйтеректей бір-бір әулеттің тірегі, ел-жұрттың арқа сүйер ақылшысы. Аға буынның өмір жолынан кейінгі буынның алар тағылымы зор.

Қазақта «Ел ағасымен жарасады, киім жағасымен жарасады» деген сөз бар. Айналасына қуаныш сый­лайтын қазыналы қарт­тарымыздың қатары ортаймасын. Көрер қызық­тарыңыз көп болғай.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, әулеттеріңізге ырыс пен береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Әсет Исекешев,
Астана қаласының әкімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button