Басты ақпарат

РӘМІЗІҢМЕН РУХТАН!

2_ДН_каз_в слоях

Әсілі, кейбір блогерлер Астана архитектурасындағы кейбір элементтерден масондық, семиттік сипаттар таптық деп сенсация жасағысы келеді. Бірақ, біздің ойымызша, Астана архитектурасында қазақылықтың иісі аңқып, түркілердің танымы жазбай танылады. Сондықтан, Астана рәмізіміз сәулетпен әдіптелген әдемі қала екеніне шүбә келтірмейік.

cfgbtd

СПОРТШЫЛАРҒА ӘНҰРАНДЫ БІЛУ МІНДЕТТЕЛДІ

Жуырда Парламент Мәжілісінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы бірінші оқылымнан кейін мақұлдаудан өтті. Құжатқа отандық спортшыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын білуге міндеттейтін бап та енгізілген.

Естеріңізде болса, осыдан екі жылдай бұрын Кувейтте спорттық атудан «Шейх кубогы» халықаралық додасыөткен болатын. Онда спортшықызымыз Мария Дмитриенкоқұралайды көзге атар мергендігін көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған еді. «Бәрекелді!» дестік. Бірақ, марапаттау рәсімі келгенде – Машамыз тұғырдың жоғары сатысына көтеріліп, әнұранымыздың орнынақайдағы жоқәуен (ағылшын сайқымазағы Саша Барон Коэн түсірген «Борат» фильміндегі пародия) қосылғанда кірерге тесік таппайқалғандай күй кештік. Ал, спортшымызқолын жүрегінің тұсынақойып, міз бақпастан тұр. Әрине, одан кейін шуладық. ҚР Сыртқы істер министрлігі де Кувейтке наразылық нотасын жолдады. Жарыстыұйымдастыру комитетінің директоры Обайдәл-Осайми де ақталып бақты. Артынша, әнұранды шатастырыпқойған диджейдің жұмыстанқуылатынын жеткізді.

Оның алдында Парижде ауыр атлетикаданӘлем чемпионатыөтті. Онда зілтеміршіміз Зульфия Чиншанло 53 келіге дейін салмақта еліміздің мерейін асырып, чемпион атанды. Ол да тұғырға көтерілгенде келеңсіз жайт орын алды. Ұйымдастырушылар ескіәнұранымыздықойып жіберді. Осыдан кейін мұндай сорақы жағдайларқайталанбасүшін тиісті шаралардықолға алу керек болды. Обалы не керек, аталған сала басшылығы сол шаралардықолданды да. Мәселен, биылғы Сочидегіқысқы Олимпиада алдында оғанҚазақстан атынанқатысқан спортшыларәнұранды жаттап алуы тиіс болды. Елімізге бір алтын да бұйырмағандықтан оның нәтижесін көре алмадық. Алайда, Олимпиада алдында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаевәр спортшығаәнұран айтқызылғанын, ол таспаға жазып алынғанын айтқан еді.

Әрине, әнұранды спортшыларғана емес, өзінҚазақстан азаматы есептейтінәр адам жатқа білуі тиіс. Десек те, жаңа заң жобасы жөнінде Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаттарынан білген едік. 

aldanАлдан СМАЙЫЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Халықаралық, әлемдік ойындарда спортшыларымыз жеңіске жеткенде Қазақстанның Әнұраны міндетті түрде айтылады. Оның дұрыс айтылуын нақтылай түстік. Енді заңның орындалуын бапкерлер, құрама команданың басшылары, Спорт және дене шынықтыру агенттігінің басқару тұтқалары қадағалап, Әнұранның дұрыс орындалуына жауап беретін болады.

  

f73567c84d22a2916d7e09deccd38c77Оразкүл АСАНҒАЗЫ, Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Президентіміз шетелдерге іссапармен барғанда және спортшыларымыз жеңіске жеткенде ғана Мемлекеттік Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз орындалады. Ту көтерілгенде, адам рухы бірге көтеріледі. Спортшы жеңіске жетуі үшін соншалық жанын салғанда оның көкірегінде, жүрегінің төрінде желбіреп көк туымыз тұру керек сияқты.

Ешкімге жасырын емес, әлемдік жарыстарда Қазақстан Әнұранының орнына басқа әуен қойылған жағдайлар болды. Сол кезде жарысты ұйымдастырушылардың «Қазақстан спортшыларына бәрібір, олар Әнұранды білмейді» деген ойлары, жеңімпаздарымыздың соны дәлелдегендей болып жатқаны менің жүрегіме қатты батады. Сондықтан арнайы заң қабылдағанда бір бапты енгіздік.

Жалпы, кез келген мемлекеттің азаматы жасына, ұлтына, жынысына да бөлінбей, ең біріншіден Әнұранын жаттап өсуі керек қой.

 

 

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

   

ERA_1938

ҚАРШАДАЙЫНАН ҚАСТЕРЛЕП ЕЛІН, ЖҰРТЫН 

Психологтар баланы дамытудың негізгі кезеңі – балабақшадағы уақыт деп санайды. Ұлттық тәлім-тәрбиеге берік жапондар перзенттерінің бойына елін сүюді, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтеу қасиеттерін дәл осы кішкентай кезінен сіңіре бастайды екен. Балақайлардың бойына патриоттық рухты сіңіру жағынан біздің қазақ балабақшалары да қалыс қалмайды. Астана қаласындағы №18 «Аяжан» балабақшасында өткен «Рәміздерім – мақтанышым» атты тәрбие сағатында бұған тағы бір рет көз жеткізіп қайттық.

Тәрбие сағатының мақсаты – балалардың Отаны – Қазақстан туралы, оның мемлекеттік рәміздері жөніндегі таным-түсінігін кеңейтіп, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу екен. Сабақты балабақшаның әдіскері Алтынай Атибаева жүргізіп отырды.

Сабақты ашқан әдіскер: «Балалар, бүгінгі «Рәміздерім – мақтанышым» атты тәрбие сағатын бастаймыз!» деуі мұң екен, балалар кішкентай қолдарын жүрек тұсына жапа-тармағай апара бастады. Әбден қалыптасып қалса керек. Сыртқы көзге сондай жарасымды. Оң қолын кеудесіне апару арқылы еліне деген сүйіспеншілік сезімін аңғартқан бүлдіршіндер хормен Әнұранды бастан-аяқ айтып шықты. Одан кейін Даяна атты балақай «гимн» деген сөздің қандай мағына беретінін түсіндірді. Гректің «гимн» сөзі «ұран салу» деген мағынаны білдіреді. Бұрын Қазақ елінде қол жинағанда, ат шаптырып, ұран салған, хабар берген. Ұрандаған сөздер жауынгерлерге рух сыйлаған, ерлікпен күресуге шақырған» дейді ол тақылдап. «Иә, дұрыс айтасың, Диана. Шынымен де Әнұранда адамға үлкен рух беретін қасиет бар. Ал Әнұранның әні мен сөзін жазған кімдер екенін білесіздер ме?» деген апайларының сұрағына балалардың бәрі бірдей: «Әнұранның әнін – Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев жазған» деп үн қатты.

Бұдан кейін балаларға Мемлекеттік рәміздеріміз – Елтаңба менТудың қадір-қасиеті мен сипаттамасы жөнінде мағлұмат берілді. Қазақтың көк туын қолдарында желбіреткен бүлдіршіндер көңілді би билеп, патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқыды. Елтаңба мен Туда не бейнеленгенін жарыса айтқан балалар мемлекеттік рәміздерді елдігіміздің нышаны ретінде түсінетінін анық аңғартты. «Елтаңба, Ту және Әнұран – Қазақ елін тәуелсіз мемлекет ретінде танытатын белгі. Біз рәміздерді құрметтеуге тиіспіз және Отанға қызмет етуге әзірміз» дейді балақайлар.

Міне, еркін елдің ұландары «елім», «жерім» деп ержетіп келеді. Олардың бойына ұлттық мүдде тұрғысынан ойлауды сіңіре берсе, ертең-ақ тәуелсіз Қазақстанның нағыз бет-бейнесін жасайтын азаматтар болып шығатынына шүбә жоқ.

Қымбат НҰРҒАЛИ

   

Screenshot_2014-06-02-17-38-21 (1)

ҚЫРАН, КҮН ҺӘМ ШАҢЫРАҚ

Қаланың архитектуралық ансамбльдеріне былайғы уақытта зейін қойып қарай бермейміз. Бірақ әлемдегі аты мәшһүр сәулетшілердің интеллектуалдық еңбек жемісінің аспан астындағы жиынтық көрмесіндей болған елорда ғимараттарында концепциялық тұрғыдан алғанда рәміздеріміздегі баршамызға белгілі бейнелердің сұлбасы көрініп жататынын байқаймыз.

Ұшқан құстай көркейген

Мысалы, аңыз әңгімелердің арқауымен сәулеті әдемі өрілген жерлердің бірі – сулы-нулы желекжол. «Хан Шатырдан» жаяу-жалпылап тіке тартқан жүргінші «Қазмұнайгаз» ғимараты орналасқан жерден жұмыртқаны жарып шығып жатқан қыран құстың, бәлки әлгі аңыздардағы Бәйтерек басына ұя салған Самұрықтың үлпегін көзі шалады. Сәл ілгері жүрсеңіз, сол үлпектің қарақанаттанған түрін елестететін шағын мүсіншілерге жолығасыз. Алда-жалда «Бәйтерек» монументіне бара қалсаңыз, бір әттеген-айы, жаттап алған сөздерін қайталай беретін серуенбасылар осы бір сәулет нысанының аңыздардағы түп тарихын таратып айта бермейді. Ал, белгілі этимолог, мифолог ғалым Серікбол Қондыбайға айтқызсаңыз, ол:

«Бәйтерек – әдепкі өмір. Анағұрлым жиі кездесетін, көпшілік ертегілерде нақтылы жеке кездесетін сюжет мынадай: Кейіпкер жерас­ты әлеміне тап болады және ұзақ сапар шеккеннен кейін жыланды немесе үшбасты айдаһарды өлтіріп, Алып Қарақұстың (Самұрық) \\ балапандарына көмектесетін жерде үлкен ағашқа кездеседі. Самұрық ризашылығы ретінде батырды жер бетіне шығарады. Ағаш – әлемдік ағаш, ал құс пен жылан – қарсы беттегі – жоғарғы немесе төменгі әлемдердің өкілдері. Олардағы мәңгілік қарама-қарсылыққа орталық әлемнің өкілін – адамды, ертегі кейіпкерін қосады» дей келіп «Қобыланды» эпосында, Алтай эпосында алтын жапырақты ағаш, күміс жапырақты ағаш деген сипаттармен Бәйтерек туралы баяндалатынын жеткізеді.

Егер Самұрықты тәуелсіздігіміздің бастауында таңдалып алынған, Шәкен Ниязбеков бейнелеген Мемлекеттік Туымыздағы қыран құстың протонимі деп ұқсақ, сулы-нулы желекжолдың Ақордаға маңдай тірер тұсындағы мемлекеттік бас ғимараттар сұлбасынан ұлан-ғайыр даламызда қанатын жая қалықтаған қыран құсты жазбай танимыз. Иә, дәл солай, ұшақтың илюминаторынан немесе «Google Map» жерсерік картасынан мұқият қарасаңыздар, ұзындығы шамамен бір шақырымға созылып жатқан Министрліктер үйі – қыран құстың қанаты, Парламент және Үкімет үйі кеудесі, ал одан төменірек орналасқан сары жалқын, конус тәрізді ғимараттар – топшысы, ал Ақорда – қыран құстың басы іспеттес әсер қалдырады.

Осынау сәулет ансамблінің авторы – ағайынды Байғұтты, Арапбай Тортаевтар 2000 жылдары мемлекеттің билік органдары орналасатын ғимаратқа байқау жарияланғанда, қазақтың аңыз-әңгімесіне, мифологиясына қанықтығының арқасында, білген-түйгендерін сәулет жобасымен шебер шендестіріп, жиырма елден келіп түскен жоба арасынан үздік танылған болатын. Қазақ сәулет өнерінің корифейі Қалдыбек Монтақаевтың шәкірттері, Астананы салуға қатысқан швейцариялық «Мабитекс» компаниясының жобалаушысы ретінде кіндікқаламыздың ажарына үлес қосқан. Қазақта «ұшқан құстай көркейген» деген керемет теңеу бар. Сол секілді жыл өткен сайын түрленген Астанамыздың ең сұлу жері осындай мифологиямен селбесіп жатыр.

Елтаңба, «EXPO», ел мұраты…

Ал, ғаламтордағы «You tube» веб-сервисінен «AstanaEXPO-2017» қалашығының байқауына түскен жобаларды саралай отырып, бас жүлдеге лайық деп танылған америкалық «Adrian Smith + Gordon Gill Architecture» эскиз идеясына тағы сол рәміз рухы арқау болғанын көзімізбен көрдік. Дөңгелек пішімдегі қалашықтың сұлбасы – Елтаңбамыздан алынған. Ортасындағы Қазақстан павильоны орналасатын шар пішіндес алып ғимарат – шамамен Елтаңба ортасындағы шаңырақтың орны. Түгелдей күн қуатын кәдеге жарататын материалмен қапталатын аталмыш ғимаратқа күн сәулесі қазақтың киіз үйіндей аспаннан тіп-тіке түсіп тұратын болады.

Бір қызығы, қалашыққа кіреберіс порталындағы автотұрақ та қанатын қомдаған қыран құсқа ұқсатып салынады екен.
Әсілі, кейбір блогерлер Астана архитектурасындағы кейбір элементтерден масондық, семиттік сипаттар таптық деп сенсация жасағысы келеді. Бірақ, біздің ойымызша, Астана архитектурасында қазақылықтың иісі аңқып, түркілердің танымы жазбай танылады. Сондықтан, Астана рәмізіміз сәулетпен әдіптелген әдемі қала екеніне шүбә келтірмейік.

Еділ БӨКЕЕВ

   

флаги мирааааааааааа

ӘР ЕЛДІҢ ТУЫ БАСҚА…

Ту – барлық мемлекеттің мәртебесі, айбыны, абыройы. Тасқа қашалған суреттер арқылы тарихқа көз жүгіртсек, қолындағы туын тік көтере атқа қонған ата-бабаларымыздың да бейнесін көреміз. Соған қарап, бүгін біз қастерлеген байрақтың бағзы замандарда да қасиетті саналғанын еріксіз мойындауға тура келеді. Өйткені, Ту әуел баста-ақ мемлекеттіліктің, елдіктің нышаны болып қалыптасқан.

Кейбір тарихшылар ең алғашқы тулар Қытай мен Үндістанда пайда болып, кейіннен бүкіл әлемге тарады дейді. Өте ерте пайда болғандығы сонша, тіпті олардың қандай сипатта болғанын ешкім айта алмайды. Бірақ, қазір қолданыста жүрген байрақтардың ең ежелгісі ретінде Данияның мемлекеттік рәмізі – жалауы Даннеброг деген болжам бар. Кейбір тарихшыларға сенсек, ол XIII ғасырда пайда болған. Соңғы уақытта «ең ежелгі» деген атқа Аустралия елінің жалауы да талас жүргізуде. Бірақ алғашқысы 1219 жылы, ал екіншісі 1230 жылы пайда болды дейді тарихшылар.

Бүгінгі уақытта әлемнің әр тәуелсіз елі өздерінің мемлекеттік рәміздерін, яғни туын, елтаңбасын және әнұранын қабылдап қойған. Байрақтардан көрініс тапқан бір-біріне ұқсамайтын түрлі-түсті бейнелердің өз құпиялары бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының көк түсті Туында алтынмен әдіптелген күн, қыран және ою бар. Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң ашық аспандай тазалығын әрі асқақтығын көрсетедi. Нұрын төккен алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Асылында, күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Ал қанатын кере жайған қыран құс бар жақсылықтың бастауындай билiк пен айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран елдің еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Тудың шетіндегі ою – қазаққа ғана тән ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің, тарихтың белгісі.

Ал АҚШ-тың мемлекеттік туында жеті қызыл, алты ақ жолақ және бір шетіндегі көк түсті тікбұрышта 51 жұлдыз орналасқан. Алты ақ және жеті қызыл жолақ Америка құрлығына тәуелсіз мемлекетті құрған 13 британиялық колонияны көрсетсе, көк түс – одақтың белгісі. Ал оның ішіндегі жұлдыздар елдегі штаттардың санын көрсетеді. Уақыт өткен сайын жалаудағы жұлдыздардың саны өзгеріп отырған.

Ресейдің қазіргі қолданыстағы көк-ақ-қызыл жолақты туы 1994 жылғы тамыздың 22-сінде мемлекеттік нышанға айналды. Ол туралы Жарлыққа сол кездегі Ресей Президенті Борис Ельцин қол қойған. Тарихқа көз салсақ, алғаш рет бұл түстерді Петр патша пайдаланған екен. Ол кезде алыс қашықтықтан анық көрінетіндіктен ғана белгі ретінде пайдаланылған. Кейіннен Бірінші Петр оны Әскери флот жалауы ретінде бекіткен. Содан кейін ақ-көк-қызыл жолақты ту Ресей сауда флотының туы ретінде бекітіліп, сонымен бір мезгілде ол Ресей мемлекетінің нышанына айналды.

1992 жылдың 2 наурызы – БҰҰ Бас Ассамблеясының ғимараты жанында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің тулары бір уақытта желбіреген сәт. Мұндай оқиға ұйым тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Бейресми ережеге сәйкес, БҰҰ-ға жаңа мемлекет қабылданар болса, жаңа қабылданған мүше мемлекеттің құрметіне ғимарат алдындағы тутұғырлардың бірі босатылып, сол елдің жалауы ілінеді. Бірақ келесі күні сол байрақ латын әліпбиінің орналасу тәртібіне байланысты өз орнына қойылады. Ал біздің туымыз БҰҰ алдына алғаш рет ілінер кезде бірден сегіз тутұғырды босатуға тура келді. БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Бутрос Гали байрақтарды көтеруге бұйрық берген кезде Молдова елінің туы бірінші болып желбіреді. Себебі, Молдова жаңадан қабылданған мемлекеттер ішіндегі салтанатты рәсімге өз президентін жіберген жалғыз республика болып шықты. Қалғандары дәрежесі төмен өкілдерін жіберумен шектелген еді. Тіпті, салтанатты шараға Тәжікстаннан ешкім қатыспаған. БҰҰ-ның байырғы мүшелері бұған таң қалысып, осындай жағдайға бұрын-соңды кезікпегенін айтты.

Сондай-ақ, 1991 жылдың 24 желтоқсанында БҰҰ штаб-пәтерінің алдында ілінген Кеңес Одағының мемлекеттік туы мәңгіге түсірілді. Ал енді кейбір мемлекеттердің байрақтарына тән қызықты деректерге көз салыңыз. Мысалы, Азия құрлығында орналасқан Филиппин елінің туы түсін ауыстырып тұруымен басқалардан ерекшеленеді. Бірақ мұндай жағдайды аталған елде соғыс жүріп жатса ғана көруге болады. Егер Филиппин туындағы қызыл түстің жоғарыда, ал көк түстің төменде тұрғанын байқасаңыз, ол елді соғыс өрті шарпып жатыр дей беріңіз…

Ресейде Челябинск облысы бар екенін бәріміз білеміз. Сол аймақтың ресми туында төрт түліктің бірі – түйе бейнеленген. Бірақ табиғи жаратылыс бо­йынша сол маңда түйе жануары мүлде кездеспейді, сондай-ақ түйе шаруашылығы да қолға алынбаған. Ал жануар бейнесінің туда көрініс тапқан себебі мынау: қаланың қалыптасуына ықпал еткен негізгі кіріс керуен жолы арқылы келіп тұрған-мыс. Сондықтан жергілікті тұрғындар түйені қадір тұтқан.

Африка құрлығында орналасқан Мозамбик деген елді де білеміз. Олардың мемлекеттік туында әйгілі «Калашников» автоматы бейнеленген. Тіпті сол қарудың суреті аталған елдің елтаңбасынан да ойып тұрып орын алған. Сонымен қатар, Зимбабве мен Шығыс Тимордың елтаңбаларында да автомат бейнеленген. Оның себебі, осы елдердің байырғы тұрғындары билік басына төңкеріс арқылы келгендіктен, қаруды құтқарушыға балайды.

Оңтүстік Америкадағы Парагвайдың туында да өздеріне тән ерекшелік бар. Байрақтарының екі бетінде екі түрлі сурет бейнеленген: бір жағында елдің елтаңбасы, ал, екінші жағында қазыналықтың таңбасы бар.

ХІХ ғасырдан бері қолданылып келе жатқан Непал мемлекетінің жалауы – айрықша сипатқа ие жалаулардың бірі. Өйткені, непалдықтардың мемлекеттік туы басқалардыкіндей тікбұрышты емес. Тіпті, байрақ екі бөлек матадан құрастырылып жасалған: бір беті мемлекеттің ұлттық гүлі саналатын тау раушанының түсінде болса, қызыл түсті екінші беті – соғыстағы жеңістің, бейбітшіліктің белгісі.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

   

7DyCNZzMGK5a5zVIzyACWFuNG6GeML

АСҚАҚТАЙ БЕР, АСПАН ТҮСТІ АРДАҒЫМ!

Әлемде арнаулы алаңға тұғырлап, басты байрағын орнатқан елдер көптеп саналады. Бразилия мен Малайзияның мемлекеттік туы ілінген флагштоктың ұзындығы 100 метр екен. Иордания королі ІІ Абдолла да Таяу Шығыстағы ең биік туды орнатқан. Оның биіктігі 127 метрдей екен. Түркімендердің туының биіктігі - 133 метр. Ал, Солтүстік Кореяның флагштогының биіктігі 160 метрге жетеді.

Біздің елдің алып Туы Астананың төрінде желбіреп тұр. Етегін гүл көмкерген биік төбенің басында, сүйір ұшымен көкті түрткен көшқұлаш тудың жерге қағылған қадасы мықты іргетасқа бекітілген. Алыстан көз тартқан, еліміздің асқақ рухын аспан түстес алып Ту – еліміздің ең ардақты да қасиетті рәміздерінің бірі. Жерден 111 метр биікте желбіреген көк керменің ортасына түскен алтын шұғыласы Күн шуағымен сәулеленіп, алып қыран аспанда қалықтап жүргендей әсер қалдырады. Осы керемет көріністі тамашалаушылардың қарасы бір толастаған емес. Мұнда келгендер мемлекетіміздің қуат-күшін, биік мақсаттары мен жасампаздықпен жарқын болашаққа ұмтылысын сезінеді.

Мемлекеттік Туымыздың мәртебесіне, арнаулы техникалық ерекшелігіне сай Қазақстан Республикасының рәміздері туралы заңда оны қолдану тәртібі белгіленген. Яғни, ашық, желсіз күндері алып байрақ тұғырынан тәулік бойында түсірілмейді. Түнде жан-жағынан жалаудың көркін ашатын жарық қойылады. Ал, қарлы-жауынды, дауылды күндері жалауды жинап қоюға рұқсат етіледі.

Ту ілінген флагштоктың ішінде арнаулы басқару тетігі орнатылған. Жоғары, төменге қарай айналдыратын тетік арқылы оны өздігінен көтеріп, түсіруге болады. Сондай-ақ, механизмді күтіп-баптап, қалпында ұстап тұратын мамандармен бірге үш оператор тәулік бойы кезектесіп жұмыс істейді. Олар ауа-райының күрт өзгеруіне қарай амал қылады.

Техникалық маман Қайрат Маратұлы: «Мемлекеттің басты жалауының көлемі – 450 шаршы метр. Ені мен ұзындығының арақатынасы – 15/30м, салмағы шамамен тоқсан келідей болады. Міндетіміз – еліміздің ең үлкен туының елорда көгінде желбіреуін қамтамасыз ету, біз бұған үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Сарыарқаның ауа райы күрт құбылып, жауынды-шашынды, қарлы-боранды сәттерінің жиі болуы себепті мата тез тозып, шеті жыртылып жатады. Сондықтан жиі ауыстыруға тура келеді. Желдің екпіні жүз метр биікте бірнеше есеге артып кетеді. Мұндай күндері туды жинап қоямыз, – дейді.

Нұржан Шуланов – биіктерді бағындыратын маман, яғни, тұрмыстық альпинизмді меңгерген жан ретінде оның да көк байрағымызды күтіп-баптап ұстауға тікелей қатысы бар екен. Желді күндері ту темір арқандарға оратылып қалатын кездерде құрал-жабдықтарын қамдап, асқарпаз флагштокқа көтеріледі. Тіпті, оны әрлеп-бояу, жөндеу жұмыстарын да Нұржан атқарады екен.

– Бірде ертемен бір ақсақал баспалдақпен ақырын көтеріліп, жалаудың іргесінде сәл кідірді, – дейді Қайрат. Біздің қарбалас тірлігімізді сырттай бақылап, сәлден соң жанымызға жақындады. Павлодардан қонаққа келген ата еңбегімізге рахмет айтты. Көгімізде аспанмен астаса көк тудың желбірегені – әрқайсымыздың ынтымағы артқан берекелі өміріміздің, қалыпты тірлігіміздің баяны, жақсы істеріміздің жаршысы екенін айтты.

Ақсақалдың сөзі бәрімізді қанаттандырды. Расында, біздің қызметіміз ерекше. Аспанкөк туымыз асқақтап, алтын шашағы желмен таралып, ою-өрнегі мың құбыла көздің жауын алып, Күн астында самғаған қыран қанаттары кең жазылып, мейірлі шуағы еселеніп, салқар сәулесі жерге түскен кезде біздің де кеудемізді мақтаныш кернейді, – дейді Марат.

Айгүл УАЙСОВА

   

 

 

 

 

   

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button