Елорда тынысы

Референдум – халық таңдауы

Мемлекет деңгейіндегі мәселені халық талқысына салу – демократиялық қоғам үшін таңсық емес. Референдум – халық бостандығының көрінісі. Әсіресе, Конституцияға қатысты әр түзету терең талдауды қажет етеді. Ел аралап, алдағы науқанның мән-маңызын түсіндіруді қолға алған депутаттар осылай дейді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1995 жылы ғана референдум өтті. Одан кейінгі 27 жыл ішінде Конституцияға 4 рет өзгеріс енгізілді. Бірақ қай-қайсысы да тек Парламент арқылы шешіліп келді. Сондықтан қазақстандықтар үшін алдағы референдумның мазмұнын жіті түсіндіру маңызды.

[smartslider3 slider=3069]

2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев және «Қазақ қызы» қоғамдық ұйымының төрайымы Қарақат Әбденмен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» түсіндіру жұмыстары бойынша жоғары көлік және коммуникация колледжінің қызметкерлері және студенттерімен «Референдум – демократиялық қоғамның маңызды құралы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – оқу орнының оқытушылары мен 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие жастарына референдумның мән-мақсатын түсіндіру және 5 маусымда референдумға халықты белсенді қатысуға шақыру.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қоғамдық кеңесінің төрағасы, Нұр-Сұлтан техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы, Конституциялық реформаларды түсіндіру жөніндегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Зұлфухар Ғайыпов конституциялық реформаның негізгі тармақтары туралы айтты.

Ақылбек Күрішбаев жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, референдумға енгізіліп жатқан өзгерістер мемлекетіміздің қарапайым азаматының өмір жағдайына қаншалықты оң әсер беретіні жөнінде кеңінен түсіндіріп берді.

Сенат депутаты әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды. Қарақат Әбден еңбек ұжымына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді және референдумға қатысу ел азаматтарының парызы екенін атап өтті.

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button