Елорда тынысы

Жасыл белдеумен танысты

Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және орман шаруашылығының директорлары тәжірибе алмасу мақсатында елорданың жасыл белдеуінде болып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен жақынырақ танысты.

[smartslider3 slider=3070]

 Делегация мүшелері елорданың жасыл белдеуінің даму барысына қызығушылық танытып, кездесу барысында екі тарап жасанды орман өсіру технологиясы, зиянкестер мен аурулардан қорғау және күзету бойынша тәжірибе алмасты.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы Әлия ­Төлеутайқызының айтуынша, елорданың «жасыл белдеуі» – қаланың «өкпесі», қаланың экологиялық жағдайына әсер етеді, орман ауаның сапасын жақсартуға ықпал етеді.

– Жасыл белдеу құрылғалы беру елорданың климаты жұмсарды, қала жел мен шаңнан қорғалған. Астананың тұрғындары мен қонақтары «жасыл белдеу» аумағына емін-еркін келіп, демала алады, – деді басқарма басшысы Ә.Қожабаева.

Жасыл белдеу аумағын таныстыру барысында 2012 жылдан бастап отыр­ғызылған әртүрлі тұқым екпелерімен бірге жерсіну және өсу қарқынын анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді.

Ақтөбе облысынан келген делегация жасыл алқаптардан бөлек, демалыс орындарымен, атап айтсақ, ат соқпағы, жол және сүрлеу жол жүйесі, су құю станциясымен және қырғауыл тұрағымен де танысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button