БілімҚала мен Сала

Сапалы білім – саналы ұрпақ

Елордадағы  №70 мектеп-лицейде өткен алғашқы қоңырау мерекесіне   Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты.

????????????????????????????????????

– Бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір ата-ана өз балаларының дұрыс білім алып, елдің елеулі азаматы болса деп армандайды. Сіздер де сол мақсатқа лайық болыңыздар. Жеткіншектердің сапалы білім алуына мемлекет барлық жағдайды жасады. Сондықтан оқуда – озат, еңбекте табысты болыңыздар, – деді Ерлан Кенжеғалиұлы.
Одан кейін қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев та ұстаздар мен оқушыларға өз ізгі лебізін білдірді.
Айта кетейік, еліміз бойынша бірінші қыркүйекте 2,8 млн оқушы мектепке барды. Оның 370 мыңы алғаш білім ордасының табалдырығын аттаған балдырғандар болып отыр. Алғашқы Білім күні барлық мектептерде «Мен өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта сабақ ұйымдастырылды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button