Қала мен Сала

АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРЕДІ

Инженерлік желі жүргізу жұмыстарына байланысты Астанада 13 автобустың бағыты өзгереді. 

DSC_1883-2

№ 10, 27, 37 маршруттары Қабанбай батыр даңғылындағы «Асыл-Тау» БО» аялдамасына дейін өзгеріссіз жүреді. Әрі қарай автобустар Керей мен Жәні­бек хандар көшесімен Тұран даңғылына шығып, бұ­­рын­ғы сызба бойынша қозғалады.
№ 12, 40, 51 маршруттары да өз бағытын Қабанбай батыр даңғылындағы «Асыл-Тау» БО» аялдамасына дейін сақтап қалды. Одан кейін Керей мен Жәнібек хандар көшесі – Орынбор көшесі – Рысқұлов көшесі – Орынбор көшесінен кері қайта айналып, қалыптасқан бағыт сызбасы бойынша жүреді.
№ 43 маршрут бұрынғы қалпынша Тұран даңғылындағы «Ұлттық кар­диологиялық орталық» аялдамасына дейін барып, әрі қарай Қарқаралы тас жолына өтеді.
№ 53 маршрут «Ұлттық кардио­логиялық орталық» аялдамасына қарай өзгеріссіз қозғалады. Кейін Керей мен Жәнібек хандар көшесі – Орынбор көшесі – Рысқұлов кө­ше­сіне түседі де, кері айналып Орын­бор көшесіне шығады. Сосын қалыптасқан бағыт сызбасы бойынша жүреді.
№ 55 маршрут бағыты Тұран даңғылындағы «Научный» ТК» аялдамасына дейін сол күйінде қа­лады. Тек Тұран даңғылымен тура жүріп, №31 көше қиылысында кері бұрылатын болады.
№ 302, 303, 308, 309 қала маңына жүретін маршруттар бағытын Қабанбай батыр даңғылындағы «Кар­диохи­рур­гиялық клиника» аял­­дамасына дейін өзгертпейді, әрі қарай бағыт Сығанақ көшесі – Тұран даңғылылы – Қарқаралы тас жолымен жүреді, одан кейін қалыптасқан сызба бойынша жүреді.
Осы автобустар кері бағыт бойынша аталмыш сызбамен жүреді.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button