Әлеумет

ЖЕҢІЛДІК КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?

Редакциямызға Жұ­макүл Рысбаева есімді апа хабарласты. Айтуынша, қала ішіне қатынайтын №46 автобустың кондукторы 1-топтағы мүгедек екеніне қара­мастан, жолақы тө­леуін талап еткен.

лазертаг-в-коломне-телефон

«Қара­ған­ды қаласының тұр­ғынымын. Менің мүгедек екенім рас. Оны дәлелдейтін қағазым да болды. Алайда құжатымды Астана қаласының қоғамдық көліктеріне жарамсыз екенін айтты. Осының анық-қанығын біліп берсеңіздер екен…» дейді.
Аталмыш мәселе бойын­ша Жо­лаушылар көлігі бас­қарма­сына хабарластық.
– «Астана қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету, көлемін белгілеу және тізімін анықтау туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы 250/36V шеші­мі бойынша зейнеткерлер, көпбалалы аналар, көпбалалы отбасы, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар Астана қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүре алады. Яғни, бұл жерде кондуктордың талабы орынды. Жалпы, Астана қаласында 93000 адам осындай жеңілдікпен қамтылған. Олардың шығыны Астана қаласының бюджетінен төле­неді, – дейді қалалық Жолау­шылар көлігі басқармасы Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тұрсынғали Жәкенов.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button