Жаңалықтар

Сауықтыру кешендері көбейді

Елордада бүгінде үш спорт нысанында жөндеу жұмыстары мен екі жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты.

– Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында «Толқын» спорт кешенінің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда ғимаратта жөндеу жұмыс­тары жүргізілуде: ақтау, қабырғаларды тегістеу, ғимарат ішін, киім ауыстыратын орындарды қайта сырлау, – деді Еламанов.
Сонымен қатар, «Қазақстан» спорт сарайын зияткерлік технологияларды қолдана отырып жаңғырту және пайдалануға беру жобасы пысықталып жатқанын айтқан Нариман Еламанов «Астана Арена» стадионында да жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. «Қазанат» ипподромының аумағында иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту үшін ат спорты кешенін салу және пайдалану­ға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нысан 250 адамға арналған, 600 орындық трибуналары бар.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда ­ Мемлекет басшысының «100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» тапсырмасы бойын­ша, халықты бұқаралық спортпен қамту үшін Ильинка, Көктал 2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ елордада веложолдардың ұзындығы да артып келеді. Жоспарланған 123 км жолдың 70 км-і салынған. 2020 жылы – 46,4 км, 2021 жылы – 36 км, 2022 жылы – 40,7 км веложол салу жоспарланған болатын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button