Жаңалықтар

Сертификат табыс етілді

Елімізде әлеуметтік сала қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетіліп отыр. Осыған орай «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» құны 1 млн теңге болатын 1000 сертификатын тапсыру бастамасы қолға алынған болатын. Соның алғашқы 100 сертификаты кеше қала әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен табыс етілді.

– Бүгінде қаламызда 17 мың мұғалім, 55 мың тәрбиеші, 20 мың медициналық қызметкерлер бар. Сондай-ақ, миллионнан аса тұрғыны бар шаһарда құқық қорғау органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтап отыр. Қаланың тазалығымен айналысатын коммуналдық шаруашылық еңбеккерлері бар. Олардың жұмысын бағалауымыз қажет. Сондықтан, мемлекет тарапынан аталған сала мамандарына қолдау-қамқорлық көрсетуіміз абзал, – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.
Алғашқы 100 тұрғын үй сертификаты осы әлеуметтік топ мүшелеріне табыс етілді. Тамыз айынан бастап мұндай сертификаттар көпбалалы аналарға да беріле бастайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button