Жаңалықтар

Сертификат үй алуға сеп болды

Бірер ай бұрын Астана әкімдігінің бастамасымен 1 млн теңгенің тұрғын үй жарнасы дәрігерлерге, полицейлерге және мұғалімдерге, яғни бас-аяғы 90 қызметкерге тапсырылған болатын. Жақында осы жеңілдік бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ТҚЖБ) арқылы пәтер алғандардың алғашқысы қоныс тойын тойламақ.

Тұрғын үй сертификатын алу­шылардың тізімін қала әкімдігі әзірлеген. Ал оның басты талабы мамандардың Астанада баспанасы болмауы, алайда тұрақты тіркеуде болуы, сондай-ақ аталған банктің салымшылары болуы шарт етіліпті.
– Қала әкімдігі қызметкерлердің баспаналы болуы үшін қосымша 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл олардың ең төменгі бастапқы жарнасын, яғни 20 пайызын жинауына септігін тигізеді. Ал ары қарай банк жылдық 7 пайыз мөлшері бойынша оны ары қарай төмендетумен несие береді, – дейді аталған банктің орталық филиа­лының директоры Жансұлтан Матаев.
Ал баспаналы болған №58 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлбану Секен Қостанай өңірінен келіп, 4 жыл бойы пәтер жалдап тұрғанын айтты. Ұстаздық өтілі 16 жылды құрапты.
– Бас-аяғы 40 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтердің құны 12 млн 896 мың теңгеге шығып, несие 19 жылға рәсімделді. Оның алғашқы 8 жылында 7 пайызбен 103 мың теңге төлесек, қалған 11 жылын 3,8 пайызбен 59 мың теңгемен қайтарамыз. Қымбатқа шыққан сияқты, – дейді ұстаз көңілінде қуанышы мен күдігі аралас.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button