Жаңалықтар

Шаймерденов аудиториясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде белгілі ақын, көрнекті рәмізтанушы, бір сөзбен айтқанда, халқымыздың ардақты азаматы Ербол Шаймерденов атындағы аудитория ашылды.

Биыл талай тұғырлы тұлғалар түлеп ұшқан аталған білім ордасына 85 жыл толып отыр. Осындай айтулы күнмен тұспа-тұс келген шараға қарымды қаламгермен көзі тірісінде жақын сыйлас болған ағалары, достары, әріптестері келіп, талантты азамат жайындағы естеліктерімен бөлісті.
Жаңа аудиторияның лентасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов пен ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин қиды. Университет ректоры өз сөзінде Шаймерденовтің жаны жайсаң азамат екендігін айтса, Нұрлан Оразалин оның ақын ретінде ерте көзге түсіп, «Пионер» журналында қызмет істеп жүр­генде, мектеп оқушысы кезінде жазған алғашқы балауса өлеңде­ріне сәт-сапар тілегенін жеткізді.
Ал танымал ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы «Ербол жасаған үш ерлік» деп, оның аударма саласындағы академиялық еңбегі мен рәмізтану ісін ғылым ретінде қалыптастырғанын және егемендіктің елең-алаң шағында тілге жанашырлығы мен күрескерлігін айрықша айтып өтті. Көрнекті жазушы Смағұл Елубай «Жан-жақты қырымен ерте таныл­ған Ербол о бастан даналыққа құш­тар еді. Өз еліне Ерболдай еңбек сіңірген азаматтардың аты мәңгі аталып жүргей, сонда ғана халық өз қалпынан биіктей түседі» деді ол.
Жаңа аудиторияның жабдықталуына Ербол Шаймерденовтің отбасы қолдау көрсеткен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button