Мәдениет

Шығыс әлемінің өрнектері

Ұлттық музейде белгілі қылқалам шебері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ахмет Ахаттың 65 жылдық мерейтойына орай «Шығыс әлемі» атты көрмесі ашылды.

Көрменің негізі мақсаты –қазіргі заман суретшілерінің шығармашылығындағы тарихи сюжеттер мен шығыстық мәнерге тән сабақтастығын көрсетуді көздеген.
Іс-шараның ашылуында Ұлттық музей директоры А. Мұхамедиұлы мен Парламент Мәжілісінің депутаты Ш. Нұрымов сөз алып, танымал суретшінің отандық бейнелеу өнерін дамытудағы сүбелі үлесін атап өтті.
Көрмеге қылқалам шеберінің жүзден аса жұмысы қойылды. Оның ішінде автордың ұлттық тарих пен мәдениетке арналған көркем және графикалық туындыларын ерекше айтуға болады. Шығыстық өрнекке бай бұл туындылар келушілерді жылы әсерге бөледі.
Ахмет Ахаттың жеке көрмесі елімізде ғана емес, шет мемлекеттердің Мәскеу, Анкара, Генуя, Үрімші секілді қалаларында өтіп, бейнелеу өнерін жоғары бағалайтын талғампаз жандардың қызығушылығын туғызған. Көрме бір айға созылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button