Жаңалықтар

Спорттық медицина орталығы Астанаға көшіріледі

Республикалық спорт медицинасы орталығы Алматыдан Астанаға қоныс аударатын болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты. 

«Дамыған спорттық медицина – үлкен додаларда сәтті өнер көрсетудің кепілі. Шынын айтқанда, Қазақстанда спорттық медицина жоғары деңгейде емес. Қазіргі кезде министрлік тарапынан бұл игі шаралар қолға алынды. Осы жұмыс аясында Алматыдағы медициналық даярлық орталығын Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды» деді министр.
Мұның өзі қажеттіліктен туып отыр. Өйткені, барлық маңызды уақиғалар елордада өтеді. Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі спорттық медицина мамандарын даярлауға қаржы бөлген көрінеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button