Жаңалықтар

Стартаперлер Дубайға барады

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚЖ) финтех-хабы Startupbootcamp-пен бірлесіп Орталық Азияда тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласында финтех-стартаптардың өңірлік сайысын өткізді. Бұл сайыста іріктеліп алынған жобалар Дубайдағы финтех-акселераторға қатысады. Елордамыздағы Startupbootcamp сайысында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан стартапшылары бақ сынаған.Сайыс қорытындысында биыл желтоқсан айында Дубайдағы финтех-акселератордағы ақтық сынға Орталық Азия елдерінің атынан қатысатын 4 стартап-жоба іріктеліп алынды. Олардың екеуі – қазақстандық, біреуі – қырғыз елінің, біреуі – Қазақстан-Сингапур бірлес­кен жобасы: Multis (тауарларға онлайн тәсілмен несие алатын алаң), Namba Pay (Қырғызстан – өзіне төлем төлеудің әртүрлі тәсілдерін біріктірген мобильдік қосымша), Lending Star (Сингапур-Қазақстан – ШОБ қаржы тарту платформасы), Tayyab (ислам банкингі қағидаттары негізінде жұмыс істейтін нео­-банк).
Startupbootcamp Дубайдағы халықаралық қаржы орталығымен (DIFC) және Vica, Mashreq, HSBC-мен бірлесе отырып, финтех-акселератордағы 3 айлық бағдарламаға 10 стартапты таңдап алады. Ол стартаптарға мынадай артықшылықтар беріледі: ең үздік менторлар мен тәлімгерлер, жаһандық инвесторлар желісіне және Startupbootcamp-тің серіктестеріне қолжетімділік, Дубайдағы халық­аралық қаржы орталығының (DIFC) кеңсесіндегі коворкинг, 3 айлық жүріп-тұруға жұмсалатын шығындарға төленетін 15 000 еуро, 500 000 еуродан аса сомаға әріптестік ұсыныстар жасалады.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button