ӘлеуметЖаңалықтарҚала тіршілігі

СУДЫҢ ТАРИФІ ӨСЕДІ

Астанада қыркүйек айында суға тарифтер 15-20 пайызға өседі. Бұл туралы «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

Су тұтынуды есептеу құрылғылары бар және адам басына 3 текше метрге дейін ғана су пайдаланатын елордалықтар ең төменгі, яғни бұрынғы 34,91 теңгенің орнына тек­ше метріне 30,36 теңге тарифы бойынша төлем жүргізетін болады. Ал, адам басына шаққанда суды 3 текше метрден көп пайда­ланатын тұрғындар бұрынғыдай 36,43 теңге емес, текше метріне 41,9 теңге тарифымен (15 пайызға өсті) төлем жүргізеді.

Су тұтынуды есептеу құрылғылары жоқтары қазіргідей 43,72 теңге емес, судың әрбір текше метрі үшін 52,46 теңге төлейтін болады. Демек, қыркүйектен бастап ол 20 пайызға өседі деген сөз. Бұл судың ең жоғары тарифы болып саналады.

Кәріз қызметінің бағалары жалпыға бірдей 24,21 теңгеге дейін өспек. Қазір оның тарифы текше метріне – 21,06 теңге. Жаңадан өзгертілетін тарифтердің бағалары келесі жылдың қыркүйегіне дейін өзгертілмейді. Кейін «Астана су арнасы» су тарифтерін кезекті рет жоғарылатуды жоспарлауда.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button