Uncategorized

Тәлімді дәріс оқылды

Қазақ мемлекеттік заң университетінде «M.Narikbayev public lecture» жобасы аясында «Жаһандық сын-қатерлер кезінде заңға негізделген әлем құру» тақырыбында кезекті дәріс өткізілді.

 Тыңдауға тілек білдірушілердің ауқымдылығына қарап жоғары оқу орнындағы бұл дәрістің маңызы мен мәнін айқын аңғаруға болады.

Осы жолы студенттер алдында Бейбітшілік пен конфессиялық диалогты ілгерілету жөніндегі халықаралық мұсылман ұйымы – Мұсылман ақсақалдар кеңесінің (БАӘ) бас хатшысы Мохамед Махмұд Абделсалам дәріс оқыды. Ол бейбітшілік сүйгіш әлем халқы алдында тың идеяларды жетілдіру, бірге тату-тәтті өмір сүру мәдениетін тарату, толеранттылық, еркіндік, парасаттылық қағидаларын насихаттауымен құрметтеледі.

Араб тілінде оқыған дәрісінде шетелдік қонақ әр мемлекет өзінің ішкі заңдылықтары мен ұстанымдарын берік негіздеуге толық құқылы екенін әрі осы тұжырымдарды басқалардың сыйлап, құрметтеуі тиіс екендігін жеткізді.

Сондай-ақ ол 2019 жылы Абу-Дабиде Рим Папасы Франциск пен Ұлы имам Шейх Әл-Азхара Ахмад ат-Тайиб қол қойған жалпыадамзаттық бауырластық туралы декларацияны қабылдауда маңыз­ды рөл атқарғандығымен де көпшіліктің ризашылығына бөленуде.

Дәріс соңында құрметті мейманға көптеген сұрақ қойылып, оған Мохамед Абделсалам мырза жан-жақты жауап берді.

Қазақ мемлекеттік заң университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев мазмұнды да мәнді дәрісі үшін оған шексіз алғысын білдіріп, ескерткіш сыйлық табыс етті.

 

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button