Елорда тынысы

Тәуелсіздікті арқау етті

Елордада «Qazaqstan» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министр­лігінің ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Бас жүлдеге Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі темір тұлпар тікті.

[smartslider3 slider=1406]

Аталған дүбірлі доданың әділқазы алқасына көрнекті өнер қайраткері, ұстаз, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, «Қазақстанның Еңбек Ері» Асанәлі Әшімов төрағалық етті. Сонымен қатар айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев және өзге өнер, қоғам қайраткерлері қазылық етіп, 22 ақыннан финалға 12 ақынды жүйрік деп таныды. Ақтық сында Бекарыс Шойбеков, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Жігер Бөкен, Рауан Қайдаров, Қалижан Білдәшов, Бауыржан Ширмединұлы, Төлеген Жаманов, Нұрзат Қару, Мейірбек Сұлтанхан өнер көрсетті.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен мерекелік айтыста ақындардың ешқайсысы да жүлдесіз қалмады. Ынталандыру сыйлығына Арғынбек Қалбаев, Төлеген Жаманов, Бауыржан Ширмедин, Нұрзат Қару, Рауан Қайдаров, Қалижан Бірдәш ие болды. Қазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімовтің ұсынысымен тағайындалған арнайы жүлде Бөкен Жігерге берілді. Үшінші орынға екі ақын лайық деп танылса, оны Рүс­тем Қайыртай мен Жансая Мусина еншіледі. Екінші орынға Мейірбек Сұлтанхан ие болды. Бірінші орын мен «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісі Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Бас жүлде – «Алтын домбыра» және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағайындаған темір тұлпар Бекарыс Шойбековке бұйырды.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button