Жаңалықтар

ТАЗА, ҚАУІПСІЗ ӘРІ ЖАСЫЛ ҚАЛА

erm_0130

Астанада 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін «Таза, қауіпсіз, жасыл қала» акциясы өтеді. Акцияның басты міндеті – елорда тұрғындары мен қонақ­тарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және эколо­гиялық айлық аясында қала аумағын тазарту, абаттандыру.

Экологиялық айлық аясында 17 саябақ пен гүлбақтарда жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізіледі, гүлзарлар абаттандырылады, рұқсат етілмеген қоқыс орындары мен ластанған орындар жойылады.

Ал 24 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл күні Астана әкімдігі Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ арналарын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында «Таза өзендер» экологиялық шарасын ұйымдастырады.

Сонымен қатар, қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен 7000 ағаш отырғызу жоспарланған.
Аталған акция елорда тұрғындарын қаланы абаттандыруға шақырады. Ұсақ бұзақылыққа назар аудару елорданың қауіпсіздігін арттырары сөзсіз. Бұған қоса, балалар мен жасөспірімдер арасында ұсақ бұзушылықтардың алдын алуға, апаттық жағдайларды болдырмауға және балалар арасында жарақат алуды азайтуға мүмкіндік береді.
«Таза, қауіпсіз, жасыл қала» акциясы аясында Қазақстан Республикасының ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің және Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметтері мен барлық бөлімшелерінің жеке құрамының қатысуымен нашақорлықпен, балалар және жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, учаскелік инспектор­лардың, ювеналды полицияның жұмысын күшейту бойынша жедел алдын алу іс-шаралары өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button