Жаңалықтар

ЕКІ ОБЛЫСТЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚЫЗДЫ

img_9550

Астанадағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Батыс Қазақстан және Атырау облысының азық-түлік жәрмеңкесі өтуде.

Батыс Қазақстан облысының «Нұржанар», «Родник», «Имановский полуфабрикаты» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өнімдері астаналық тұтынушыларға да жақсы танымал. Сондықтан болар, «Имановский полуфабрикаты» ЖШС-ның ет шұжығы, пельмені және тағы басқа өнімдерін саудалаушылар көп болды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың айтуынша, кәсіпорынның елорда өз өкілдігі көптен бері жұмыс істейді екен. Сондай-ақ «Кублей» ЖШС-ның консервленген ет өнімдеріне қатысты да осылай айтуға болады. Елорда тұрғындары пельмен алғысы келсе, бірінші кезекте «Имановский» пельмендерін іздейтінін өз көзімізбен де талай көргенбіз. Облыстағы 12 ауданның шаруашылықтары елордалықтарға көкөніс түрлерін, ет пен сүт өнімдерін ұсынып қоймай, ұн мен макарон өнімдеріне де қарық қылды. Облыста осы бағытта жұмыс істейтін «Белес Агро» АҚ-ның өнімдері тек қазақстандықтарға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де танымал. Кәсіпорынның жоғары сұрыпты ұнының бір келісі жәрмеңкеде 120 теңгеден сатылды.

img_9556

Атырау облысы ең бірінші кезекте астаналықтарды балық өнімдерімен тәнті еткен өңір. «Каспий-балық» өндірістік кешені алып келген түрлі балықтарды астаналықтар шұбатылған кезекке тұрып сатып алып жатты. Атыраулықтар сиыр, жылқы, қой етін 1000-1100 теңгеден ұсынған болатын. БҚО жәрмеңкесінде еттің бағасы сәл қымбаттау болды. Сиыр еті мың теңгеден сатылғанымен, жылқы еті 1300 теңгеден саудаланды. Дегенмен, бұл баға бәрібір Астана базарларындағы бағадан орташа есеппен алғанда10-15 пайызға арзан. Екіншіден, қалай дегенмен жайлауда еркін жайылып өскен малдың еті. Еттің сапасын бір-екі қарап жібергеннен жақсы шамалайтын ағайындар сауда көрігін қыздырып, сол бойда талап әкетіп жатты. Жәрмеңкенің қызығы ертең кешке дейін жалғасады.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Бір пікір

  1. Жазып жатқаныма ренжімеңіздер. Бірақ амалсыздан жазып отырмын. Кеше 18 күні жәрмеңкеден 6-кг.дық сазан алып едім, үйдегілерді 1 қуантайын деп. Балығым сасып кеткен екен. Сонда да үмітімді үзбей бөлшектеп көріп едім, бұзып болғанымша бытовкадағы (бізде общежитие болған соң, қол жуатын жер де бәріне ортақ) «Басқа көршілерден ұят болады!» – деп, әйелім басын ішкі кұрыдысын шығарып салуды өтінді. Енді қайтып келсем: «Қалған етін де апарып таста, уйді де сасыта алмаймын!» – деп, оны да қоқысқа тастатты. Сонда сол жәрменкені ұйымдастырғанда сататын балық етінің сақтау мерзімін қадағалайтын органдардын болмағаны ма?

Пікір үстеу

Back to top button