Қала мен Сала

Төтенше жағдайдың алдын алады

Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев алдағы ­көктемде су тасқынының алдын алу мақсатында аудандық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен және «Астана су арнасы» МКК қызметкерлерімен бірге Ақбидай көшесі, 14-үйдің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында төтенше жағдайға жол бермеу жөніндегі жұмыстарды алдын ала ұйымдастыру бойынша міндеттер айқындалды. Бұдан бөлек, орындалуы тиіс жұмыстар реті түсіндірілді, жергілікті жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Бүгінде аудан бойынша арық-науа желілерін тазарту жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар су тасқыны болуы мүмкін аумақтар үшін қиыршық тастар мен қап құмдар дайындалуда.

Төтенше жағдайлар орын алмасын десек, аудан тұрғындары және жалпы елордалықтар өз ауласынан қар үйіндісін шығарып, қызмет көрсетуші ұйымдардың алып кетуі үшін шаралар қабылдаса игі.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button