Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

Тұрғын үй – тұрақты назарда

Қалалық мәслихат ұйымдастырған «Депутат күні» шеңберінде Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы мен Тұрғын үй басқармасы басшыларының есебі тыңдалды.

03a402e4702f2b25b5843cf4a998ec3f-big

Құрылғанына екі жыл ғана болған «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу бас­қар­масы» мемлекеттік меке­месі – коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және басқару уәкілеттігі бар, сонымен қатар елордадағы мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйым­дастырушы қызметін жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.
Басқарма басшысының айтуынша бүгінгі күнде 375 коммуналды меншік тіркелген. Оның ішінде – 147 мемлекеттік мекемелер, 155 мемлекеттік ком­муналды қазыналық кәсіпорын, 38 мемлекеттік ком­муналды кәсіпорын, 9 акцио­нерлік қоғам және 26 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Басқарма басшысы Е.Өтебаев бас­қарма алдындағы Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару, бас қаланың коммуналдық мүлкін мү­ліктік жалдауға (жалға беру), әкім айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қыз­меттер бойынша бі­рыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету және әкімдік бойынша мем­лекеттік сатып алуды жүр­гізу рәсіміне мониторинг жүргізу сияқты қызметтердің атқарылу барысынан толық ақпарат берді.

Баспана кезекпен беріледі
Астаналықтарға жайлы бас­пананың қолжетімділігі туралы тақырыпқа баяндама жа­саған Тұрғын үй басқармасы басшысы Р.Ахметов жекелеген тізімдер бойынша ком­муналдық тұрғын үй қо­ры­нан тұрғын үйге мұқтаж аза­маттар есебін санамалап көрсетті. Бұлар Ұлы Отан со­ғы­сының мүгедектері мен қаты­сушылары, жетiм бала­лар, ата-анасының қам­қор­­лығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтiк жағы­нан осал топтары (Ұлы Отан со­ғы­сының мүгедектері мен қа­тысушыларына те­ңестірілген адамдар, 1 және 2 топтағы мү­гедектер) және қолданыстағы заңнамада көрсетілген басқа да нысанды топтар өкілдері.
Сонымен бірге мемлекет есебінен мемлекеттiк қыз­метшiлер, бюджеттiк ұйым­дардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлерге, ғарыш­керлікке кандидаттар, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мем­лекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар да тұрғын үй алуға құқығы бар. Тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтар да кезеккке тұра алады.
Бүгінгі таңда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегі 42 000-нан артық адамды құ­райды екен. 2015 жыл үшін кезек­тегілерді тұрғын үймен қам­тамасыз ету үшін әкім­дікпен 373 пәтер, ағымдағы жылдың өткен аралығы үшін 93 пәтер берілген.
Сонымен қатар, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға де­йінгі Бағдарламасы аясында жыл сайын «Қазақстанның тұр­­ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша тұрғын үй, «Қазақстандық ипотекалық ұйым» ИҰ» АҚ тұрғын үйі, «Самұрық Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй бағыттары бойынша коммуналдық тұрғын үй қоры­нан тұрғын үйге мұқ­таж­ды­лар есебінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қам­тамасыз ету жүргізілген.

Апатты үйлер бұзылады
Оған қоса, басқарма қыз­метінің маңызды бағыты – апатты тұрғын үйлерде тұ­ратын азаматтардың баспана мәселесін жақсарту болып табылады. Осы мақсатта Астана әкімдігімен апатты тұрғын үйлерді бұзып алу бойынша пилотты жоба жасалған. Аталған бағ­дар­ламаға сәйкес, тұр­ғын­дарға жаңа пәтерлер беру ескі баспанасындағы ауданына лайықтап, «шаршысына шаршы» түрінде жүзеге асырылатын болады.
2017 жылдың аяғына дейін негізгі құрылыстық құ­рылымдары мен инже­нерлік желілері жоғары деңгейде ескірген, 1940-1970 жылдарда салынған 228 апатты үй құрылысын (3 361 пәтер) бұзып, онда тұратын 3500 отбасын кө­шіру жоспар­лан­ған. Бү­гінгі таңда 117 апатты үй­лер­дің тұрғындары жаңа жаб­дықталған пәтерлерге көшірілген. Тағы да жүзден астам апатты тұрғын үй­дің тұрғындарына келесі жылдың аяғына дейін жос­парға сәйкес көшірі­летіні туралы хабардар етілген.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button