8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Туристік полицей – Құлпынай

Ер адамдармен иық тіресе елдің қауіпсіздігін қорғап жүрген әйел тәртіп сақшылары аз емес. Солардың ішінде елорданың көрнекі орындарының маңайынан туристік полиция­да істейтін ерекше жұмыс киіміндегі нәзік жандарды да көріп қаламыз. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкі туристерге қызмет көрсету взводының қызмет аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Құлпынай Тәңірберген де – солардың қатарында.

[smartslider3 slider=2346]

Қазақстанда туристік полиция қызметі «ҚР туризм индустриясын дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылы құрылды. Содан бері Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары және елордада туристік полиция қызметі ашылды. Бас қалада мұндай бекеттер ең маңызды 4 көрнекі орын маңайына, атап айтқанда, «Бәйтерек»,  «Қазақ елі» монументтері, ЭКСПО көрмесі және «Ғашықтар» паркі жанына қойылған.  Елорда взводындағы 18 полицейдің жартысы – әйелдер. Олардың басқа полицейлерден артықшылығы – бірнеше шетел тілдерін білетіндігі. Себебі олардың басты міндеті – елімізде қалай жүру ережелерін туристерге, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға түсіндіру, туристік объект аймағында шетелдіктерге қатысты құқықбұзушылықтар анықталған кезде сол туралы акт толтырып, жақын жердегі ішкі істер басқармасына жолдау, оларға кеңес беріп, санына есеп жүргізу. Құлпынайдың айтуынша, туристер көрнекі  нысандарды көруге жылдың барлық мезгілінде келеді, дегенмен күн жылығанда, әсіресе мамыр мен қыркүйек айлары аралығында олардың қатары көбейеді.

[smartslider3 slider=2353]

– Олар көбіне тоқтаған қонақүйлеріне қалай жету керектігін, басқа көрнекі орындарға қалай баруға болатынын немесе қазақтың ұлттық тағамдарын қай жерден жеуге болатынын сұрайды. Негізінен, Түркия, Италия елдерінің және т.б. елдер азаматтары келіп, ағылшын немесе түрік тілінде сұрақ қояды.  Күніне кем дегенде 2-3 адам келеді. Туристер елорданың әдемілігін, қазақтардың қонақжай екенін тамсана айтып кетеді, – дейді Құлпынай.

Құқық қорғау органдары саласында 2015 жылы еңбек жолын бастаған Құлпынай үшін тіл білу аса қиындық келтірмеді. Себебі алғашқы жоғары білім алған оқу орнында түрік-ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыған еді. Оның үстіне ол барлық взводтағылармен бірге ағылшын тілінен 3 айлық курсты оқып, сертификат алды. Ағылшын тілін «Элементари» деңгейінен жоғары білгендер туристік полицияға өте алады. Тіл білуден бөлек, олар жұмыс­тан тыс уақытта күрес жауынгерлік тәсілдерінен жаттығуға машықтанады. Өйткені кейде қоғамда түрлі келеңсіздіктер бола қалған жағдайда кез келген қауіп пен қатерге дайын болуы керек. Бірақ Құлпынайдың 7 жылдық тәжірибесінде өміріне қауіп төнген оқиғалар кездеспеген.

– Түркиядан келген ерлі-зайыптылар ЭКСПО аумағында балаларын сырғанаққа әкелгенде, әйелі қатты құлап жарақат алған, соны жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізуде өзім бірге еріп жүрдім. Өйткені олардың жағдайын дәрігерлерге тез түсіндіру керек болды. Барлық рентген, басқа да дәрігерлер тексеруі кезінде қастарынан табылдым. Сол үшін артынан маған Түркия елшілігінен Алғыс хат жарияланды. Бекетте көбіне бір ер, бір әйел адамнан тұрамыз. Орталықпен үнемі рация арқылы байланысып отырамыз. Кеудемізде бейнетіркегіш ілініп тұрады, соған барлық іс-әрекетіміз жазылып, тіркеледі. Сондықтан өзім сүйіп таңдаған қызметімнің қиындығынан қызығы басым, – дейді кейіпкеріміз. Түркістаннан елордаға келіп, елінің ғана емес, шетелдіктердің де қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген Құлпынай мамандығымен мақтанады.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button