Басты ақпаратБілім

Ұстаздар еңбегі ұшан-теңіз

Елорда әкімі Алтай Көлгінов оқу орындары директорларымен кездесіп, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында әкім ұстаздар еңбегінің зор екенін баса айтып, астанамыздың білім саласындағы жоспарларымен бөлісті.

21:38:53Бірінші кезекте жыл сайын тұрғындар саны артып келе жатқан елордамыздағы оқу орындарының құрылысы сөз болды. Мұғалімдер білім сапасын ғана ойлауы үшін оқу орындарын жүйелі түрде салу керек. Биыл мектеп құрылысы қарқынының артуына байланысты үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, толы режимдегі мектептер 22-ден 14-ке дейін азайған. 5 жылдық кезеңге арналған кешенді жоспар аясында 50 мемлекеттік мектеп құрылысы жоспарланған. Бұған қоса, қосымша оқу орындары жекеменшік инвестициялар есебінен салынып жатыр. Қала әкімдігі шағын мектептер салудан бас тартып, ірі мектептер салуға көшкен.

 

Елорда әкімінің айтқан екінші мәселесі – мұғалімдердің баспана жағдайы мен еңбекақыларын арттыру жағы. «Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдады. Биылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті, алдағы жылдары да еңбекақы артады. Тұрғын үй сертификаттары тегін беріледі. «Қазақстан ипотека компаниясымен» бірлесіп, бір мың әлеуметтік пәтер тапсырамыз. Оларды алушылар қатарында білім саласының мамандары да бар. 2019 жылы мұғалімдерге жатақхана салып бердік. Биылғы күзде «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы» медалі иегерлеріне де алғаш рет ақшалай төлемдер енгіздік. Әр иегерге 830 мың теңгеден астам қаржы беріледі» деді қала басшысы.
«Мұғалім» мамандығы бойынша гранттар санын көбейту мен біліктілік арттыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Биыл тегін білімге шамамен 900 грант бөлінді. «Ондаған мектеп салуға болады, бірақ балаларды қабырға емес, өзіміздің педагогтар оқытады. Біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасу үшін семинар, шеберлік сабақтарын өткіземіз. Кембридж университетімен бірлесіп, бес мектепте «Share» бағдарламасын іске қостық. Мұғалімдер бұл бағдарлама бойынша шетелде де жаңа қажетті біліммен сусындауға мүмкіндік алды. Бағдарламаны келесі жылы да жалғастырамыз» деді Алтай Көлгінов.

Биыл педагогтар үшін оңай болған жоқ. Мұғалімдер онлайн білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру үшін бар күшін салды. Айта кетейік, 9-11-сынып оқушылары мектеп бітіретіндіктен, 3-тоқсаннан бастап аралас оқыту форматына көшеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button