Басты ақпаратБілім

Ұстазға Франция ордені берілді

Елордадағы №17 гимназия мектебінің директоры Рамзия Өмірбаева Францияның Құрметті наградасымен – Білім мен ғылымға сіңірген еңбегі үшін академиялық пальмалар орденінің кавалері атағымен марапатталды

Бұл марапатты 1808 жылы император Напо­леон тағайындаған екен және Франциядағы ең көне азаматтық награда саналады. Академиялық пальмалар ордені – француз тілін қолдау және тарату, Франция мен Қазақстан арасындағы білім беру ынтымақтастығын нығайту саласындағы еңбегін мойындау белгісі қабылданады.

№17 мектеп гимназия­сы жиырма жылдан бері Франция елшілігімен ынтымақтасып келеді, «Француз тілін ерте үйрену», «Екі тілді мектеп» жобаларына қатысады. Мектеп оқушылары үшін тілді ғана емес, сонымен қатар математика, физика пәндерін француз тілінде оқуға тамаша мүмкіндік бар. Жыл сайын оқушылар республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанып, Францияның жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсуге мүмкіндігі бар.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button