Қоғам

Үздік жас отбасы анықталды

Оқушылар сарайында «Үздік жас отбасы» байқауының финалы өтті.

Сайыстың іріктеу кезеңіне 70-тен аса отбасы қатысып, шешуші сынға тек 10-ы жолдама алған. Олар ақтық сында үш кезең бойынша жарысты. Бірінші турда әр отбасы өздерінің тарихы мен өмірін жан-жақты таныстырды. Біреулері ән айтып, өлең оқыса, енді бірі креативті түсірілген бейнероликтерін көрсетті. Екінші кезеңде жұбайларға бес сұрақ жасырылып, бір-бірін қаншалықты жақсы білетіні сыналды. Үшінші турда жас­тар ыммен түсіну ойынын ойнады.
Байқау нәтижесі бойынша финалистер арасынан Азат пен Әлия Жұмағұловтар үздік жас отбасы болып таңдалды. Екінші орын Ерген мен Гауһар Кенжеғұловтарға, ал үшінші орын Бақтияр мен Шадияр Мұхамбетқалиевтерге бұйырды. Астана қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин оларды дипломдармен марапаттап, бірінші орын иегерлеріне – 200000 теңге, екінші орынға – 150000 теңге, үшінші орынға – 100000 теңге, ал қалған қатысушыларға 50000 теңгеден табыстады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button