Әлеумет

«Үздіктің» үздіктері анықталады

Нұр-Сұлтанда NEET санатындағы жастарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған «Үздік» жобасын іске асыру жалғасуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

[smartslider3 slider=3679]

Елордалық «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері сауда орындарында мемлекеттік бағдарлама мен гранттар туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жоба жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 27 маусымда басталды.

Аталмыш жоба жастарды әлеуметтендіруге, жұмысқа орналастыруға, бизнес жобалар мен бизнесті оқытуды іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ мемлекеттік гранттар бөлуді көздейді.

Жоба аясында еріктілер тобы техникалық қызмет көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жастар арасында, NEET санатындағы жастар арасында байқау ұйымдастырады. «Үздік шиномонтажшы-2022», «Жыл күзетшісі-2022», «Жыл даяшысы-2022», «Жыл сантехнигі-2022» және өзге де бағыт бойынша үздіктер анықталады. Бұл байқаудың мақсаты – 15 бағыт бойынша жұмысшы мамандықтарының имиджін жақсарту және көпшілікке насихаттау. Байқауға іріктеу екі аптада бір рет әр бағыт бойынша басталады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін «Үздік» жобасы аясында шет тілдерін оқыту, жылдам оқу, қаржылық және компьютерлік сауаттылық ­бойынша семинар-тренингтер, бизнес-тренингтер, заңгерлік және психологиялық консультациялар өткізу жоспарланған.

 Индира Бержанова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button