Жаңалықтар

«Жағалау-3» жыл соңында тапсырылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің №30 блогындағы құрылыс барысымен танысты. Өткен жылы осы тұрғын үйдің үлескерлерімен кездесу өтіп, құрылысты аяқтау кестесі жасалған еді.

Үйдің өзі 8 жыл бұрын салына бастаған. Өз кезегінде шешілмеген мәселелері аз емес. Өйткені бұл проблемалы нысанға айналған. Қазір ол мәселелер біртіндеп шешілуде, бүгінге тұрғын үй 90 па­йызға дайын. Инженерлік желілер (су, жарық, кәріз) уақытша қосалқы стансаға қосылды. Қазір қалалық қосалқы стансаға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үй жылыту маусымына дайын болады. Қасбет, лифт орнату, абаттандыру жұмыстары да жолға қойылды. Үй құрылысы биыл аяқталып, үлескерлерге пәтер кілті жылдың соңына дейін беріледі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ қала басшысы №28 және №29 блоктардың проблемалық мәселелерін шешуді де талқылады. №37 блок бойынша «Елорда құрылыс компаниясына» үлескерлермен кездесіп, шешім қабылдау тапсырылды. 2020 жылы барлығы 20 көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Бұл 8 мың үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button