Мәдениет

Жайдарманның жүлдесін «Жалын» алды

Жайдарманшылар арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды. Республикалық арнайы жоба Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КТК Одағының ұйымдастыруымен өтті. Жастар жылымен тұспа-тұс келіп отырған бұл ойын осымен 11-рет өткізіліп отыр.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен ойынға әртүрлі лигаларда үздік өнер көрсетіп жүрген топтар қатысты. Бас-аяғы 17 команда әкім кубогына таласты. Оның он алтысы – отандық командалар. Қырғыз елінен Ош командасы қонаққа келді. Командалардың арасында «Нұр-Сұлтан қаласы əкім кубогы» ойынына осымен бірнеше жыл қатысқан тəжірибелі топтар да бар.
Өнер көрсеткен 17 құраманың ішінен ең үздігін таңдау қазылар алқасына оңайға түспеді. Белгілі сатирик Көпен Әмірбек бастаған әділқазылар ұтымды әзілі мен астарында салмақты ойы бар, көпшіліктің көңілінен шығып өнер көрсеткен топтарға басымдық берді. Қазылар алқасының үздік ойыншы атағын «Бүгін.Кз» командасынан Нұрлыбек Жаппар иеленді. Жүлделі үшінші орынға Қырғызстанның ОШ командасы лайықты деп табылса, екінші орын алматылық «Ақпен бірге» құрамасына бұйырды. Ал бас жүлдені «Жалын» командасы иеленді. Жаңа­өзендік жеңімпаз команда миллион теңгемен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button