Басты ақпарат

Жаңа жобалар iске қосылды

DSC_5697

«Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында жаңа жобаларды іске қосты» деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Елорда басшысы «Smart емхана», «Smart мектеп», «Smart көшелерді жарықтандыру», «Smart payments» жобаларымен, сондай-ақ, қалалық әкімдіктің интеллектуалды байланыс орталығының жұмысымен танысты.

Смарт-сервис аясында дәрігерге онлайн жазылу жүйесі, терминал арқылы емханаға қабылдауға жазылу, сондай-ақ, дәрігерлер мен тіркеу қызметінің автоматтандырылған жұмыс орындарын іске қосу қарастырылған. Осыған орай, №4 қалалық емханада «Smart емхана» жобасы іске асырыла бастады.

«Smart мектеп» жобасы №3 және №15 мектептерде қолға алынды. Сол арқылы «е-Асхана», «e-кітапхана», бейнебақылау жүйесі енгізіледі.

Әкім «smart.astana.kz»  порталында коммуналдық төлемдер жасаудың жаңа механизмін қамтамасыз ететін «Smart payments» жобасымен де танысты. Бұл жобада су, газ, коммуналдық қалдықтарды шығару, электр қуаты, телекоммуникациялар үшін бір мезгілде ақы төлеуге болады.

Тағы бір «Smart көшелерді жарықтандыру» «ақылды» жобасы Астана қаласы Есіл ауданының Еңбекшілер көшесінде жүзеге асырылды. Жоба аясында ескі LED шамдарын жаңаларына ауыстыру, сол арқылы көшелерді жарықтандыруды, көше шамдарын бақылауды жетілдіру көзделіп отыр. Сондай-ақ, бұл көшені жарықтандыруды автоматтандырудың да жүйесі болып табылады.

Қала басшысы әкімдік қызметінің сапасын арттыруға бағытталған қала әкімдігінің интеллектуалды байланыс орталығының жұмысымен де танысты.

Көрсетілген барлық жобаларды іске қоса тұрып, Әділбек Жақсыбеков мұның елордалықтар үшін қаншалықты маңыздылығына тоқталды. Оларды күнделікті өмірде жан-жақты пайдалану қажеттілігін айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button