Денсаулық

Жаңа жүйенің тиімділігі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі ретінде елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық іске қосылмақ.Қазіргі уақытта тұрғындар арасында, сондай-ақ жұмыс беруші ұйымдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары қарқынының арқасында бәрімізге қатысы бар үлкен жобаның жақсылығын біршама түсініп болғандаймыз. Десе де, жобаның жүзеге асырылу барысы, оның қаржылық қатпары көбімізге күңгірттеу көрінеді.
Жүйенің бірінші белесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 қазаны аралығындағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 27 млрд теңгеден асыпты. Медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 1,134 млрд теңгеге жуығы жұмыс берушілерге тиесілі, ал 2,5 млн теңге жеке кәсіпкерлерден түскен жарналар екен.
Бұл жұмыс берушілердің қызметкерлері үшін төлеген төлемі. Яғни 2019 жылы елордалық жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмыскер үшін оның табысының 1,5 пайыз мөлшерінде жарна аударып, жобаның өздеріне тиісті шартын бастап кеткен болатын.
Енді 2020 жылдан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмыскер үшін оның табысының 2 пайыз мөлшерінде төлесе, оған үстеме ретінде жұмыскерлер, яғни қызмет етіп жүрген сіз бен біз еңбекақымыздың есебінен, оның табысының 1 пайызын жарна ретінде осы қорға аударуға міндетті боламыз.
Әрине, бұл жобаның маңызды екеніне дауымыз жоқ. Дегенмен орасан зор қаржы қайда жұмсалады? Жылдап емхана бетін көрмейтіндер жоқ емес. Олардан неге қаражат талап етеді және олардан түскен қаражаттың қайда кетіп жатқанын қалай біледі?
Түсінгеніміз бойынша, МӘМС түскен халық қаражаты бір қорға жиналады. Қарапайым адам қордың ақша аударылымдарын бақылай алады ма? Қор халықтан түскен қаражаттың оңтайлы, дұрыс жұмсалуын қамтамасыз етеді ме? Оның жұмысына мемлекет тарапынан қандай бақылау болады?

МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖАРНА ТӨЛЕНЕТІН ЖЕҢІЛДІГІ БАР АЗАМАТТАР САНАТЫ:

балалар;
жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
3 жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) 3 жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
тергеу изоляторларында отырғандар;
жұмыс істемейтін оралмандар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
мүгедектер;
орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы жұмыс істемейтін азаматтар.балалар;
жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
3 жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) 3 жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
тергеу изоляторларында отырғандар;
жұмыс істемейтін оралмандар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
мүгедектер;
орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
бала кезінен І топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы жұмыс істемейтін азаматтар.

Әзірге құзырлы органдар тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруда міндетті сақтандырудың қажеттілігін ғана баса айтып келеді. Сақтандыру медицинасы азаматтың тапқан табысына, ол үшін аударылған жарна көлеміне қарамастан, медициналық көмектің барлық түрлерін алуына мүмкіндік береді деп сендіреді.
Жаңа жүйенің тартымдысы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы Қазақстан аумағында өзіңіз таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек аласыз, оның шығынын қор өтейді.
Екіншіден, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен азат боламыз. Ең бастысы, МӘМС жүйесін енгізу көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қысқаша анықтама ретінде мына жайтты естеріңізге сала кетейік. Соңғы жылдары адам өмірінің ұзақтығына қарай екшеленетін озық медицина туралы тамсана айтамыз. Қариялары 83 жылдан аса өмір сүретін жапондықтардың денсаулығын қолдау үшін мемлекет ішкі жалпы өнімінің 10,23 пайызын құйып отыр. Корея Республикасы дүние жүзі бойынша озық көрсеткіштерімен алда тұр. Халқының орта жасы бүгінде – 82 жыл. Елдің ішкі жалпы өнімінің 7,37 пайызы денсаулық сақтау саласына бөлінеді. Мұнда да медициналық сақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы бар, оған халықтың 97 пайызы қамтылған. Және әрбір азамат жылына жалақысының 5 пайызын осы бағдарламаға аударады. Осы үштіктің соңын тұйықтаған Испания ІЖӨ 9,03 пайызын бөледі. Ал бізде ше? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы 6 пайызды мөлшерлесе де, нақты бөлініп отырған қаржы елдің ішкі жалпы өнімінің 3,7 пайызын ғана құрайды. Мамандардың айтуынша, келесі жылдан бастап енетін, қалың бұқара болып жалақымыздан жарна төлеп, еліміздің денсаулық сақтау саласын түлететін қызмет сапасын арттыруға сеп болатын бірегей жол осы болмақ. Яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

 

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button