Жаңалықтар

«ЖАСЫЛ ЕЛДІҢ» ЖАҢА МАУСЫМЫ­ БАСТАЛАДЫ

DSC_1096

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Астанада жыл өткен сайын жалпыұлттық бастамаға үн қосып, қолдау білдіруші студенттердің қатары артып келеді. 2008 жылдан бері осы жоба аясында 44 млн. ағаш отырғызылып, шараға 200 мыңнан аса жас атсалысқан. Олардың көмегімен 111 мың гектар аумақты көгалдандырылды.

Биылда осы бағдарлама бойынша жұмысқа қабылдау басталып кетті.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманбердінің айтуынша, биыл еңбек жасақтарына екі жарым мың жәннәт жасты тарту көзделіп отыр. Қолына кетпен, күрек ұстап, туған өлкемді желегі майысқан жерге айналдырамын деп ниет еткен жастарға 45 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жалақы төленетін болады. Бүгінде Астанада 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды «Жасыл ел» студенттер мен жастардың құрылыс отрядтарының штабына жұмысқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Жұмыс кестесі – аптасына бес күн, сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін. Анықтама телефондары: 56-43-81, 87029307790

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button