Руханият

ЖАЗУШЫ ЖАЗБАСЫНДАҒЫ ҒАСЫР ҚАСІРЕТІ

Әдебиет қоржыны тағы да бір тың туындымен толықты. Астана қаласында белгілі қаламгер, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанболат Башардың «Қабір үстіндегі зұлмат» атты кітабының таныстырылымы өтті.

13

Шараны ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы тізгіндеп, кітап жайлы пайымды пікір білдіріп, сүбелі сөзін айтты. Сонымен қатар, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, белгілі ғалым, жазушы Серік Негимов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Абзал Бөкен, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева, жазушы Қайырбек Сәдуақасов, Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев, журналист Қамбар Ахметов, ақын Ілияс Мұқай сынды азаматтар жаңа туынды туралы пікірлерін ортаға салды.
Жазушының жаңа туындысында отызыншы жылдары халқымыздың қабырғасын қайыс­тырған, шаңырағын шайқалтқан қуғын-сүргін, ашаршылық жылдарының жан төзгісіз азабы, елдің басынан өткен қайғы-қасіреті бейнеленген. Автор зобалаң жылдары елін, жерін қорғап, сол кездегі саясатқа қасқая қарсы тұрған белгілі тұлғаларды басты кейіпкер етіп алған. Оның ішінде Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы өңірінде, «уық көтерілісі» деп айдар тағып, ат қойған Тоқырауын көтерілісі туралы тұшымды жеткізген. Теңдік үшін, елдік мүдде үшін бас көтерген Жабайдың Сәдуақасы туралы тың деректерді оқырманға орамды ұсынған.
Сондай-ақ, кітапқа жазушының повесінен бөлек, бір топ әңгімелері енген. «Пері мен Періште, «Айғана», «Әкім құлаған», «Мон­шақбай балуан», «Кісі», «Опасыз дүние», «Аңшының ажалы», «Үрей», «Соғыстан қалған сыз» секілді заман шындығы мен адам тағдырлары суреттелген шығармасы оқырманды бейжай қалдырмасы анық.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button