Елорда тынысы

Ерлігі де, есімі де ұмытылмайды

Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай Л.Гумилев атындағы ­Еуразия ұлттық университетінде «Ерлігі өшпейтін, есімі ұмытылмайтын Қасым Қайсенов» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Жиын университеттің Жастар департаментінің және Ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Астана қаласы Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Мұстафин, оқу ордасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Рақымжан Тұрысбек, Алматы ауданы ардагерлері, «Айбын» президенттік полкінің сарбаздары мен студенттері қатысты.

«Ұлтымыздың рухын асқақтатқан тұлға Қасым Қайсеновтің тағдырлы бейнесі, өрімдей кезінде өртке оранып, майдан шебіне аттанған ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Өткенсіз болашақ жоқ. Сондықтан жас буын осындай ірі тұлғалардың өнегелі өмірінен сабақ алып, бойындағы патриоттық сезімді өшірмейді деген үміттемін» деді М.Мұс­тафин.

Кеште сөз алған про­­фессор Рақымжан Тұрысбек Қасым Қайсенов­тің өмірі жайлы «Қазақта Қасымдар көп дара туған» тақырыбында дәріс оқыды. Оқытушы көпшілікке есімі аңызға айналған батырдың өшпес даңқын суреттейтін «Қасым» атты төрт бөлімді көркем фильм­ді тамашалауды ұсынды.

– Кинотуынды қарулас достарының ортасында «Черный Вася» атанған Қасым Қайсеновтің ­Украина жеріндегі бүкіл ерлігін тізіп көрсетпесе де, құпия тапсыр­ма алып, фашистер басып қалған өлкеге диверсант болып аттанған батыр­дың әскери-техникалық базаны тас-талқан еткен ептілігі мен қайсарлығын паш етеді. Әсіресе жастар үшін Қасым Қайсеновтің өмірімен жете танысуға бұл туынды септеседі, – деді оқытушы.

Әдеби-сазды кеш университеттің дарынды студенттері әрі «Алқа» әдеби-сазды ұйымы мен «Топжарған» ақындар клубы мүшелерінің Халық қаһарманына арналған өлеңдерін оқумен жал­ғасты. Батырды еске алуға арналған жиын барысында елордалық «Арқа әуендері» халық ансамблінің әскери-патриоттық тақырыптағы концерті өткізілді.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button