Мәдениет

Қазақ әйелдері туралы кітап

Астана қаласы әкімдігінің Байқоңыр ауданына қарас­ты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұлағатты ұстаз, журналист Маржан Пірімбетованың «Қазақ әйелдері әлем жанарында» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

Шара қонақтары Маржан Бектұрсынқызының өнегелі өмірі, еңбек жолымен танысты. Кітап авторының білікті маман, жаны жақсылық пен ізгілікке толы жан екені баса айтылды. Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев пен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Гүлбадан Мәдібаева кез келген кітап үлкен еңбектің нәтижесі екендігіне тоқтала отырып, тілектерін жеткізді. Журналист Ғалия Балтабай, әдебиетші Баян Бұлғақбаева жылы лебіздерін айтып, кітап туралы ойларымен бөлісті. Таныстырылым барысында қобыз бен домбырадан төгілген күй көпшілікті тәнті етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button