Қоғам

Әке мен бала

Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан маңызды һәм оның болашағына да негізгі бағдар болмақ. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиетін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. Тәрбиедегі әкенің рөлін арттыру мақсатында елордада «Әке мен бала» жобасы қолға алынған.

Әкенің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Сондықтан әке мен баланың арасындағы байланысты нығайтуда Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана жыл басынан бері «Әке мен бала» жобасын жүзеге асырып келеді. Дәстүрлі түрде өтетін тағылымды іс-шараның бүгінгі қоғамдағы өзектілігі жоғары. Жоба аясында «Оқитын әке», «Әке бала көзімен», «Кітап және спорт» сынды тақырыптарда клуб отырыстары өтті. Әрбір басқосуда бала тәрбие­сіндегі әкенің ерекше орны, ұлттық құндылықтардағы тәлім мен тағылым, әкенің бос уақытын балалармен бірге өткізуі, кітапты баламен бірге оқуы, бала ойымен санасып, ойынына араласуы сияқты маңызды мәселелер талқыланады. Тағы бір негізгі міндет  – акция аясында кітапты отбасы болып оқуды әдетке айналдыру.

Аталмыш іс-шараға зиялы қауым өкілдері, журналистер, ұстаздар, кітапхана оқырмандары және ата-аналар балаларымен қатысуда. Қай қоғамда да маңызын жоймайтын жоба әрі қарай да өз жалғасын таба бермек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button