Басты ақпаратМәселе

10 сотық жер: Аңыз ба, ақиқат па?

Заң бойынша жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жердің тегін берілуі: аңыз ба, әлде шындық па? Бұл сұрақты әрбір қазақстандық, мегаполистің немесе ауылдың, облыс немесе аудан орталығының әрбір азаматы қояды. Мұның бәрі жер қатынастары саласындағы тиімсіз саясаттың, авантюристер мен популистердің және жер қатынастары саласындағы жағдайды осындай күйге жеткізген мемлекеттік басқарудағы айқын сыбайлас жемқорлардың ойластырылмаған қадамдарының арқасында осылай болып отыр

Жеке тұрғын үй құры­лысына берілетін 10 сотық жер мәселе осыны растап отыр! Бүкіл ел бойынша кезекте тұрғандардың тізімінде 3 миллионнан астам адам тұрады және бүкіл ел бойынша кезекте тұрғандар саны әлі де көбейе­тін болады. Проблемаға мән бермеу және оны жылдар бойы шешпеу оңай нәрсе, аз да болса алға қадамдар жасау қиынырақ, осылайша адамдардың сенімін, шенеуніктердің жер реформасына деген осындай көзқарасы бұзған халықтың сенімін біртіндеп қалпына келтіру керек.

Біз жағдайдан шығуымыз керек, халық бізге қарап отыр, халық нақты реформалар, нақты өзгеріс­тер, елде нақты қайта құрулар болғанын қалайды. Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағына сәйкес, Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін 10 сотық жер арнайы есепке алу (кезек) арқылы беріледі және алаңдардың дайын болуына қарай не бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Ал инженерлік алаңдар сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Осыған байланысты, Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде, жер құқығы саласындағы сарапшы ретінде, «Жер аманаты» Республикалық Жер комиссиясы басшысының орынбасары ретінде мыналарды ұсынамын:

Біріншіден, біз ЖТҚ жоспарланатын аумақта су және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландыруға балама енгізуіміз керек және мұны бюджеттен тыс қорлар есебінен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске қосу, жеке инвесторларды тарту жолымен жасауды ұсынамын. Ал жеке инвесторларды тартуды ынталандыру үшін инвесторларға электр энергиясын беру және берілетін электр энергиясының тарифтерін реттеу құқығын беру мүмкіндігін көздеу қажет.

Үкіметтік деңгейде ЖТҚ-ны қаржыландыру мен салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу перспективаларын пысықтауды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы борыштық міндеттемелерін шығару шарттарында сумен және электрмен жабдықтау желілерін қаржыландыру және салу үшін екінші деңгейдегі коммерциялық банктерді, коммерциялық құрылыс салушыларды тартуды ұсынамын.

Екіншіден, біз қаржылық себептерге байланысты жерді уақтылы игере алмайтын және тұрғын үй іргетасын салу фактісі болған кезде жалдау шартын ұзартудың заңды мүмкіндігімен 3 жылдан 5 жылға дейін жеке тұрғын үй учаскесін игеру мерзімін ұзарта алмайтын қарапайым азаматтарды қолдауымыз керек.

Үшіншіден, біз жергілікті атқарушы органның лауазымды адам­дарын бекітілген Бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына тиісті түзетулермен ЖТҚ үшін елді мекеннің бос аумақтарын резервке қоюды және оған немқұрайлы қарағаны үшін заңды жауаптылықты қатаңдатуды заңнамалық тұрғыдан міндеттеуіміз керек.

Төртіншіден, ауылдық елді мекендерде өтеусіз негізде жеке қосалқы шаруашылыққа жер учаскелерін беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін ауылдық елді мекендерде өтеусіз негізде ЖҚШ (үй-жай учаскелері) жүргізу үшін жер учаскелерін беру кезектілігін (арнайы есепке алуды) енгізуді және кезексіз ЖҚШ жер учаскесін беруге тыйым салуды белгілеуді ұсынамын.

Бесіншіден, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертудің қолжетімді мүмкіндігі бар жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған және құрылыс параметрлері бойынша тиісті бау-бақша және саяжай кооперативтерін аудандарға ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қалалардың Бас жоспарларын түзетіп, бюджеттік қаржыландыра отырып кезең-кезеңмен іс-шаралар әзірлеу.

Алтыншыдан, төмен пайыздық мөлшерлемемен, кредитті икемді өтеудің 10 жылдық мерзімімен және кредит шартын ұзарту мүмкіндігімен жеке тұрғын үй салу үшін екінші деңгейдегі банктерде әлеуметтік бағдарланған кредит бағдарламасын әзірлеуді ұсынамын. Осы мақсаттар үшін арнайы кредиттік қаржы институтын құрудың маңыздылығы зор болар еді.

Жетінші, Бас прокуратура ЖТҚ-ға жер учаскесін алу кезегін жүргізу бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің тізімінен Алматы, Шымкент және Астана қалалары алып тасталған қисынсыз жағдайдың мән-жайын анықтауға  тиіс. Прокурорлар мен Жер ресурстарын басқару комитетінен осы қалаларда ЖТҚ-ға жер учаскелерін әртүрлі сылтаулармен кезексіз берудің көптеген фактілерін түсіндірулерін талап етеміз.

Бақытжан БАЗАРБЕК,

Мәжіліс депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button