Басты ақпаратЖаңалықтар

«110» тыңдап тұр!

Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай нөмір белгіленді.

a1ab9d059defd9a34026bead6f4
Фото: astana.gov.kz

Егер жоспарланып жатқан тер­рористік актілері туралы білсеңіз немесе радикалды топтардың адамдарды өзіне тарту, көндіру әрекеттеріне тап болсаңыз не болмаса оның куә­гері болсаңыз, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиетті тарату туралы білсеңіз, «110» нөміріне хабарласыңыздар. Осы нөмірге елі­міздің кез келген аймағынан келіп түс­кен қоңырау аумақтық белгісі бойынша ҰҚК департаменттерінің кезекшілік қызметтеріне жолданады.
Еске салайық, Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы хаттамалық тапсырмасымен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ІІМ, ҰҚК, сондай-ақ Ақпарат және коммуникация министрлігімен жер­гілікті жерлерде терроризмге қарсы «қауырт» желілер ашу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Қазіргі кезде ҰҚК келісімге қол жеткізген аудандық, қалалық телефон­дардан және «Beeline» мобильді опе­раторының нөмірлерінен тегін қоңырау шалуға болады. Басқа да байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button