Жаңалықтар

27-28 тамызда елордада «Astana Food and Fashion Festival» атты тағам мен сән фестивалі өтеді

 Іс-шара ҚР Конституциясы күніне орайластырылды. 

Безымянный

Демалыс күндері – 27 және 28 тамызда «Арай» саябағында сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін «Astana Food and Fashion Festival» атты тағам мен сән фестивалі өтеді. Дәл бір жыл бұрын «Astana Food Festival» ұйымдастырылып, оған қаланың 3000 тұрғыны қатысты. Биыл фестиваль екі күнге жалғасып, жаңа сипатта болмақ: «Тағам сәннің тілін табады». Бұл – «Astana Food Festival» және «Astana Pop Up Shop» жобаларының бірігуінен туындаған фестиваль. Екі бастаманың да идеясы үндес. Атап айтқанда, отандық өнімді қолдау, еліміздің экономикасына серпін беру, отбасылық бұқаралық демалысты қалыптастыру. Әлемде осы сынды шаралар жиі өткізіліп тұрады. Енді, міне, біздің Астана да олардың қатарына қосылды.

9

Фестивальдің директоры Әлия Сапарованың айтуынша, шара 10000 тұрғынды қамтымақ. Жалпықалалық шара Астана қаласы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының қолдауына ие болды.

Фестиваль  11  алаңға бөлінеді:

«Көк Базар» – ауыл шаруашылығының таза өнімдері ұсынылады

«Жерұйық» – дәмхана, кофехана өкілдері болады

«Шатыр» – ірі мейрамхана желілеріне арналған алаң

«Астаналық» – ас үйге арналған өнімдер көрсетіледі

Pop Up Shop Astana – дизайнерлік киімдер, әшекейлер ұсынады

Спорт алаңы – йога, зумба, стрит уорк аут, кроссфит бойынша кәсіби жаттықтырушылардың шеберлік сыныптары

Дастархан – белгілі астаналық шеф-аспаздардың жарысы

ЭКСПО-2017 – көрме туралы промо-ролик көрсетіліп, джаз музыкасының концерті ұйымдастырылады

Чиллаут аймағы – шығармашылыққа еркіндік берілген алаң

Ботақан – балаларға арналған ойын-сауық шаралары ұсынылады

Кинотеатр – «Сән мен тағамдану» тақырыбында фильмдер көрсетіледі

24
Тұрғындар үшін фестивальге кіру тегін. Ал қатысушылардан жиналған жарнаның 10%-ы қайырымдылық қорларына аударылады.

 

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button