Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Қазақстан Президенті Әкім­шілігінің келісімімен Түркістан облысы әкімінің бұйрығына сәйкес Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі қызметін атқарған.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Аққулы ауданында Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Айтыста облыстың әр өңірінен жас ақындар қатысып, бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Алтай Қадырбек иеленіп, 1-орын – Нұрбек Бәкірге, 2-орын – Айбек Оралханға, 3-орын Марғұлан Жанбауға бұйырды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Спорт күні қарсаңында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің жазғы спорт ойындары өтеді. Ауыл жасөспірімдерінің республикалық жазғы спорт ойындары төрт жылда бір рет өткізіледі. Биылғы додада республиканың 14 облысынан 2000-ға жуық ауыл спортшылары шеберлік байқасады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Әуесқой балықшылар Жайық жағалауынан 15 тонна қоқыс жинады. 20 ерікті теміржол көпірінен айналма жол көпіріне дейінгі 700 метрлік жағалауды тазартқан. «Balyqshy Atyrau 1» әуесқой балықшылар клубы ұйым­дастырған акция, негізінен, халықтың экологиялық тәртібін сақтауға, судың ластанбауына, демалыс маусымы кезінде жағалау аймағын жақсартуға бағытталған.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Облыс орталығындағы №3 емxанада педиатрия орталығы ашылды. Орталықта 16 дәрігер жұмыс істейді. Олар жаңа туған сәбилерден бастап алты жасқа дейінгі 8000 баланың денсаулығын бақылайды.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫ

Облыста бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 113336 теңгені құрады. Салалық құрылым бойынша ең жоғарғы жалақы тау-кен өнеркәсібі және карьер өңдеу саласына тиесілі. Бұл саланың жұмыскерлері орта есеппен 220 мың теңге жалақы алады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫ

2018 жылдың қыркүйегінен бастап өңірдегі 3, 6, 8-сыныптар жаңа оқу бағдарламасына көшеді. Соған орай, облыста аталған сыныптарда оқитын оқушылар үшін 1481133 дана оқулыққа тапсырыс берген. 15 тамызға дейін облыстың барлық мектебі жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button