Саясат

Елді елең еткізген

ТҮРКИЯ БАСҚА ОДАҚТАС ІЗДЕЙДІ

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған АҚШ-тан бас тартып, жаңа одақтас іздейтінін мәлімдеді.

Анкараның мұндай қадамға баруына Вашинг­тонның Түркияға қатысты сауда баж салығын біржақты көтеріп жіберуі себеп болды. Анадолы жерінің қожайыны ондаған жылдар бойы одақтас болып келген елдің бұлайша әрекет етуі екі ортаның мүдделеріне қайшы келіп, қауіпсіздікке залал келтіретінін айтты.
Мәселенің бәрі АҚШ президенті Дональд Трамптың 10 тамыз күні Түркиядан алынатын қалайы мен болатқа салынатын баж салығының тиісінше 20 және 50 па­йыз болатынын жариялауынан кейін шықты. Саудадағы шектеу туралы хабарлама түрік лирасының құнын 20 пайызға арзандатып жіберді.
Осыдан кейін Түркия бұдан былай өзінің Ресей, Қытай, Иран және Украина секілді ірі сауда әріптестерімен есептесуді ұлттық валютамен жүргі­зетінін баяндады. Бұл оның доллардан бас тартатынын білдіреді.

ЖАПОНДАР АҚШ БАЗАЛАРЫНА ҚАРСЫ

 Жапонияның Окинава аралында 70 мың адам шеруге шығып, АҚШ-тың осындағы авиабазаларын алып кетуді талап етті.

Бұдан алдын жапонның орталық билігі, жергілікті билік пен тұрғындар талабына қарамастан, Фут­тэммдегі әскери базаны Окинаваның басқа бөлігіне көшіретінін жариялаған. Шараға қаты­сушылар ор­­­талық үкіметті базаны басқа жаққа көшіру ниетінен бас тартуға ша­­қырды. Олардың пікі­рінше, аралдағы Америка базалары түгел жойылуы керек.
Префектура әкімшілі­гінің мәліметінше, Окинавада Америка әскери нысандарының 74 пайызы, АҚШ пен Жапонияның барлық қарулы күштерінің жартысынан астамы ор­наласқан. Қазір мұнда Пентагонның 26 мыңға жуық әскери қызметшілері тұрып жатыр. Для того, чтобы игрок мог получить доступ к онлайн-казино Пин Ап в любой момент, казино создает зеркала. Это аналогичный полностью портал, со всеми функциями и возможностями. Зеркала снимают нагрузку с основного сайта, благодаря чему игроки со всего мира могут заходить в игру. Это сделано для удобства пользователей. Чтобы найти актуальный pin up вход на официальный сайт-клон, нужно вбить соответствующий запрос в поисковик. На первых страницах выдачи обычно и расположены нужные ссылки. Актуальные зеркала официального сайта казино Pin up меняются, поэтому проверять нужно адреса каждый раз.

НОРВЕГИЯ ЕСІРТКІНІ ЕМГЕ ЖҰМСАЙДЫ

Норвегия үкіметі тәжірибе ретінде нашақорларды героинмен тегін қамтамасыз етуді қолға алады.

 Осыған арналған пи­лоттық бағдарлама елдегі 400 нашақорды осы қамқорлық шеңберіне тартып, жұмысын 2020 жылы бастап кетеді. Ол есірткіге тәуелді болып қалған жандардың жағдайларын жақсартуға бағытталады.
Норвегияда 2017 жылы есірткі қолданғанды қыл­мыс қатарынан шығарып тастау жөнінде референдум өткен еді. Сонда ел азаматтарының басым бөлігі есірткіні наша­қор­ларды емдеу мақ­са­тына қолдануды қолдап шықты. Ал норвег жері Еуропадағы есірткіден кісі өлімі көп орын алатын елдер қатарына жатады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button