Қала тіршілігі

Тұралап қалған құрылыс аяқталды

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС өкілетті ұйымы «Гарант» тұрғын үй кешені нысанының құрылысын аяқтауға конкурс жариялауға дайын. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі кезекті отырысында белгілі болды.

Бүгінге дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС нысанының рентабельділігін орнату бойынша ұсынған барлық материалдары зерттеліп, ресми сайтта құрылысты аяқтау туралы бірлескен келісімшарт жарияланған болатын.
– Сіздердің нысандарыңыз бо­йынша барлық мәселе шешілді. Біз құрылысты аяқтайтын конкурсты жариялауға дайынбыз. Ол нысанды аяқтайтын қаржы да бар, – деді комиссия төрағасы Сергей Хорошун.
Сонымен қатар, комиссия мүшелері «Араби-2», «Акерке-2», «PARASAT», «Столичный-2» сияқты 8 проблемалы үлестік құрылыс нысанының мәселесін қарады.
«PARASAT» және «Көктал» тұрғын үй кешені сияқты аяқталмай қал­ған нысандарға қатысты инвес­торларды тарту жәрмеңкесі сәтті аяқталған. Қазіргі таңда жәрмеңкенің қорытындысы бойынша «ADS строй+» ЖШС және «Tau project» ЖШС аталмыш нысандардың құ­рылысын аяқтауды қолға алған. Ведомствоаралық комиссия мүшелері жобалаушы компаниямен бірге «Tau project» ЖШС-пен келісімшарт қорытындысын бекітіп, 15 тамызға дейін төлем жасау­ды шешті.
Сондай-ақ, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, «Аниса-2» нысанында 5 қабатты кіреберіске екі каркас 3-қабат деңгейіне дейін орнатылған. Ал «PARASAT» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.
Айта кету керек, жиында басқа да проблемалы нысандарға қатысты мәселелер қаралды. Құрылыс құжат­тарын рәсімдеуді дайындау, нысанды абаттандыру сияқты жұмыстар жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтады мамандар.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button