Жаңалықтар

«Күлтегінді» кеудесіне тақты

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Есенгелді Сүйіновтің «Арайлы таң» атты шығармашылық кеші өтті.Әдеби кештің тізгінін ұстаған ғалым Рахымжан Тұрысбек қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы айта келіп: «Сүйінов өз өлеңдерінде өмір көріністерін барынша шынайы, айшықты бояулармен суреттейді. Ол көңілі ұнатқан, жүрегін тербеген сәттерді шебер тілмен жеткізе біледі» деп атап көрсетті. Сондай-ақ кеш иесіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің құттықтау хатын оқып берді. Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары Ернар Қасым ақынға шаһар басшысы Алтай ­Көлгіновтің алғыс хатын табыс етті. Сонымен бірге академик ­Уәлихан Қалижан, профессор Серік Негимов, сатирик Көпен Әмірбек секілді азаматтар сөз алып, оның ақындығын ғана емес, журналис­тика саласындағы жазған еңбектерін айтып өтті.
Кеш барысында студенттер ақын өлеңдерін жатқа оқып, жиналғандарды жылы әсерге бөледі. Әуезді ән мен күмбірлеген күй де төгілді. Университет басшылығы ақынды «Күлтегін» медалімен марапаттады.
Шара соңында Есенгелді Сүйінов жиналған қауымға соңғы жылдары жазған жаңа өлеңдерін оқып, қызықты да тартымды кешті ұйымдас­тырушыларға алғысын айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button